Астық рыногының дамуы

Скачать


Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту туралы қазақша реферат

Ауыл шаруашылық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін анықтаудың критерийі:

Тиімділік, шығындарды азайту әлеуеті.

Бәсекелелік индексі:

Ішкі рынокта, импорт бағасының ішкі рыноктағы сату бағаларына қатынасы ретінде есептеледі,

Сыртқы рынокта, әлемдік және ресейлік бағалардың экспорттық бағаларға қатынасы ретінде есептеледі.

Сұраныс-ұсыныс индекс:

Ішкі рынокта, нақты қажеттіліктің отандық өндіріске қатынасы ретінде есептеледі,

Сыртқы рынокта, ішкі тұтынуды алып тастағанда экспорт көлемінің өндіріс көлеміне қатынасы ретінде есептеледі.

Бидай, мақта, күріш – тиімді, ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті, ішкі рынокта ұсыныс сұранымнан жоғары, сыртқы рынокта сұраныстары бар;

Күнбағыс тұқымы, картоп, көкөніс, сүт, жұмыртқа – тиімді, ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілеті нашар, ішкі рынокта сұраныс ұсыныстан жоғары, сыртқы рынокта сұраныстары бар;

Қант қызылшасы, сиыр еті, қой еті, жылқы еті шошқа еті, құс еті, жүн – тиімділігі төмен, құс етінен басқасы ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті, жүннен басқасының сыртқы рынок сұраныстары жоқ.

Астық рыногының дамуы

Астық өндірісі мен мониторингінің жағдайын талдау

Дәнді дақылдар түсімділігінің, өндірілуі мен тұтынылуының қарқыны (түсімділігі – цга; өндіру және тұтыну – мың тонна)
Облыстар
Дәнді дақылдар орта есеппен  1996-1998ж.ж
Соның ішінде: бидай орта есеппен      1996-1998ж.ж
Дәнді дақылдар орта есеппен
1999-2001 ж.ж
Соның ішінде :бидай орта есеппен
1999-2001 ж.ж
Түсім-ділігі Өндіру Түсім-ділігі Өндіру Түсім-ділігі Өндіру Тұтыну Түсім-ділігі Өндіру Тұтыну Ақмола 5,1 1882,8 5,3 1535,0 10,8 3260,3 1539,5 10,5 2735,2 937,3 Ақтөбе 4,3 397,4 4,2 244,6 8,2 468,2 361,2 8,4 357,4 203,4 Алматы 11,2 606,6 8,9 336,3 15,4 745,4 969,4 14,0 399,0 720,2 Атырау 5,0 0,8 6,0 0,4 5,6 0,3 97,0 6,0 0,1 97,0 Ш-Қазақстан 6,4 295,1 6,5 209,2 13,2 566,3 584,4 13,2 381,5 347,9 Жамбыл 10,4 356,9 7,6 223,9 12,5 382,2 393,4 11,6 242,2 276,8 Б-Қазақстан 4,1 296,1 3,5 153,2 6,4 266,3 208,8 6,1 193,8 155,0 Қарағанды 4,4 345,6 4,4 290,0 8,7 523,1 355,5 8,5 448,2 237,8 Қызылорда 25,8 219,7 17,8 12,8 27,0 190,0 213,2 12,6 12,7 175,3 Қостанай 7,0 2311,6 6,5 1770,5 12,4 3379,0 1091,1 12,5 3036,6 837,3 Маңғыстау — — — — — — 70,1 — — 70,1 Павлодар 4,0 335,2 3,7 258,7 7,2 298,8 217,8, 7,6 211,8 172,0 С-Қазақстан 9,2 2701,0 7,2 1896,6 12,5 3524,3 1087,4 12,2 2762,1 731,7 О-Қазақстан 11,7 254,7 9,0 195,2 15,4 300,7 303,6 14,1 225,3 254,1 Астана қ-сы — — — — 10,5 2,1 — 10,1 1,7 — Алматық-сы — — — — 7,9 1,4 — 7,4 0,9 — Барлығы 69 10003,6 6,2 7126,5 11,5 13908,5 7492,3 11,2 11008,5 5215,9
Астық – елдің азық-түліктік қауіпсіздігінің негізгі компоненті.

Соңғы үш жылда (1999-2001ж.ж.) дәнді дақылдар егіс аландарының тұрақтанғандығына орай олардың түсімділігі өткен үш жылмен (1996-1998 ж.ж.) салыстырғанда 4,8 цгектарға немесе 67 пайызға өсіп, 11,5 цгектарға жетті. Астық өндіру 3,9 млн.тоннаға немесе 39 пайызға ұлғайды және орташа жылдық деңгейі шамамен 13,9 млн. тоннаға жетті.

Негізгі экспорттық дақыл  — бидай өндірудің көлемі 1996-1998 жылдардағы 7,1 млн. тоннадан 1999-2001 жылдарда 11,0 млн тоннаға дейін өсті.

Қазақстан астық экспорттаудан әлемде алтыншы орынды иемденеді. Қазақстанның бірегей климаты басқа елдердің бидай ұнының қасиеттерін жақсартушы ретінде әлемдік рынокта сұранысқа ие болып отырған жоғары сапалы, құрамында протеин мол астықтың қалыптасуына  ықпал етеді.

Астық туралы Қазақстан Республикасының Заның қабылдау астық рыногына қатысушылырдың қызметін нақты құқықтық реттеуді қамтамасыз етті.

Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау мақсатында белгіленген баға бойынша жыл сайын мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу жүргізіледі, ал 2001 жылдан бастап көктемгі егіс және егіс жинау жұмыстарын жүргізуге аванс беруді, астық бағасының демпингін болдырмауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін астық сатып алудың фьючерстік екі деңгейлі жүйесі енгізілді.

Астықтың ішкі рыногын тұрақтандыру және реттеу, нан және тоқаш ұн тағамдарының бағасы негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатында көктем жаз кезеңінде астықтың сату резервтерінен интервенция жүргізіліп тұрады.

Астық қабылдайтын кәсіпорындардың астық сақтау жөніндегі беретін лицензиялаудың енгізілуі олардың қызметін мемлекеттік бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Астық қолхаттарын енгізу жөніндегі жұмыс басталып кетті, оның негізгі құралы болып табыла отырып өтімді кепілді қамтамасыз етуді ісі арқылы екінші деңгейлі банктердің кредит ресурстарын іске асыру мүмкіндік береді, бұл астық демпингін болдырмайды және маусымдық кредит беруге жағдай жасайды.

Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұқым, жанар-жағармай, минералдық тыңайтқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы техникаларына қосалқы бөлшектер сатып алуы үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға лизингтік негізде жеңілдетілген кредит ресурстары бөлінеді

Астықтың мемлекеттік ресурстары қалыптаты, мұның өзі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұқымдық материалға, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының жемге қажеттіліктерін тұрақты қамтамасыз етуге, астық ішкі рыногының реттелуін және мемлекетаралық келісімдердің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осының барлығы еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, астықтың экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.


Скачать


zharar.kz