Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы туралы қазақша реферат
Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық – құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шетеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылыды. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ен тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектәлер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар каржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелерімен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90 – шы жылдардың басында құрыла бастады.
1990 жылдың басынан экономикалық тәжірбиесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы — бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері–халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.
Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық – экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:
— эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздар шығаратын
шаруашылық субъектілері;
— инвесторлар, яғни уықытша бос ақша иелері – заңды және
жеке тұлғалар;
— бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер
дилерлер, инвестициялық басқарушылар, маркетмейкерлер,
— инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары және т.б. қорлары;
— қор биржаларды, депозиттік, клирингтік және басқа бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.
Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.
Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамудың бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды мегеру және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынын қамтитын және жинақтаған дағдыны ұғынуды талап етеді. Бағалы қағаз жеке-дара, сондай — ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды, көп ретте пайда табудың орнына тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан тәуекелі басым. Әрине тәуекелге кез-келген бара бермейді, барған өкінбейді.
Түптеп келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры аркылы жүргізіледі оның, құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. Ол тараптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпар беріп тұруға міндетті.
Үкімет облигацияларын шығаратын Қаржы министрлігі, болмаса ресми мекемелердің бірі, ал корпорацияның облигациялары инвесторлары қолма-қол немесе коммерциялық банктердің брокері арқылы тартылады. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген кәсіпорындары акционерлік қоғамға айналып жатыр. Өздерінің купонын инвестициялық жекешелендіру қорына өткізу арқылы азаматтар олардың акцияларын алуына болады. Инвестициялық жекешелендіру қоры — акционерлік қоғам мен азаматтар арасындағы дәнекер десек те, делдал десек те болады.
1996 жылдың аяқталу кезінде Қазақстан бағалы қағаздар нарығында өзара бәсекелесуші алғашқы құрылған — Орталық Азия және Қазақстан қор биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана — Қазақстан кор биржасыкызмет көрсетуде.
1997 жылдың 5 наурызында Бағалы кағаздар нарығы туралы және Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы қабылданған екі заң негізінде қазіргі Қазақстан бағалы қағаздар нарығының базалық инфрақұрылымы түгелінен құрылды. Қазақстан Үкіметі осы заңдарға сүйене отырып, 1997 жылдың жазында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті атқаруды және лицензиялауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің — брокерлік-дилерлік, кастодиандық, Орталық депозитарий, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрін жүргізу бойынша пакетін бекітті.
1997 жьілы жүргізілген тендердің нәтижесінде ¥лттық банк пен Қазақстан кор биржасының біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, Бағалы қағаздардыңОртлық депозитарийі ЖАҚ құрылды. Ол Қазақстан қор биржасымен бірігіп қор нарығының техникалық инфрақұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі. Орталық депозитарий бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың халықаралық стандарты саналатын — Отыздар тобының ұсынысымен құрылған.
Заң негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметпен бірге басқа да кәсіпкершілікпен айналысуға тыйым салу және меншікті капиталының төменгі деңгейін бекітуге байланысты брокерлік-дилерлік құрылым да тәртіпке салынды. Егер 1997 жылдың басында брокерлік-дилерлік ұйымдар саны 93 болса, ал 1 шілдеде ол 43-ке дейін азайды. Олардың ішінде банктік емес ұйымдар саны сәйкесінше 65 жэне 14 еді. Сондай-ақ осы жылы алғашқы кастодиан-банктерпайда болып, эмиссияланған бағалы қағаздарды тіркеуші-реестр қызметі құрылды. Егер жыл басында тек 4 тіркеуші болса, ал жыл соңында ол 34-ке жетті. Тіркеушілер санының бұндай жедел қарқынмен өсуінің негізгі факторы қабылданған заңнамалық актілерге сәйкес акционерлерінің саны 500-ден асатын акционерлік коғамдардың акциясын ұстаушылардың реестрін тек тәуелсіз тіркеушілер ғана жүргізуі керектігі себепші болды. Сөйтіп, 1997 — 1999 ж.ж Қазақстан реестр ұстаушыларының Ассоциациясы құрылғанша бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуді екі мемлекеттік орган, атап айқанда, Бағалы қағаздар жөніндегі ¥лттық комиссия және өзінің территориялық басқармалары арқылы Әділет министрлігі жүзеге асырды. Екі бірдей толык қүкылы жүйені бағалы кағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізуге пайдаланудың бір себебі — жергілікті жерлерде ¥лттық комиссияның аймактық белімшелерінің болмауынан.
1997 жылдың 20 маусымында қабылданған Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Заңға сәйкес Үлттық комиссия Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі Компанияның (ЗАБК-КУПА) қызметін реттейтін және лицензиялайтын, сондай-ақ мемлекеттік жэне мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау тэртібін анықтайтын мемлекеттік орган болып саналады.
2001 жылдың 11 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің Қаржы нарығын мемлекетгік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар туралы жарияланған жарлыкка сэйкес бағалы қағаздар жөніндегі Үлттык комиссия таратылып, онын барлық өкілеттілігі мен қызметтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне берілді. Осы күннен бастап 2003 жылдың 4 шілдесіне дейін бағалы қағаздар нарығын реттеуді Үлттық Банктің бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттейтін департаменті жүзеге асырды.
Қазақстан бағалы қағаздар нарығының дамуы барысында көптеген заңдар мен заңнамалық актілер ескіріп, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу талаптары туындады. Сондықтан бағалы қағаздар нарығының кұқықтық инфрақүрылымын жетілдіру мақсатында соңғы жылдары бағалы қағаздарды шығару жэне айналысқа түсіру тэртібін, бағалы қағаздар нарығы субьектілерінің қызметін реттейтін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан мемлекеттік реттеу катынастарының құрылымы мен тэртібін анықтайтын бірсыпыра жаңа зандар қабылданды. Олар:
• 2000 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы ;
• 2003 жылғы 13 мамырдағы Акционерлік қоғамдар туралы ;
• 2003 жылғы 2 шілдедегі Бағалы қағаздар нарығы туралы ;
• 2003 жылғы 4 шілдедегі Қаржы нарығы мен қаржылық үйымдарды мемлекеттік реттеу жэне кадағалау туралы ;
• 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасындагы кредиттік бюролар жэне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы ;
• 2004 жылғы 6 шілдедегі Инвестициялық қорлар туралы . 2003 жылдың 13 мамырында қабылданған Акционерлік қоғамдар туралы жаңа заңның бұрынғы 1998 жылдың 10 шілдесіндегі Акционерлік қоғамдар туралы қолданыста болған заңнан өзгешелігі төмендегідей:
1. Акционерлік қоғамды ашық , жабық деп типке бөлу жойылған.
2. Жарғылық капиталының минимальды мөлшері анағұрлым өсірілген.
3. Акцияларды мемлекеттік тіркеусіз салықтық инвестициялық номер беру жолымен нарыкка шығару жойылған.
4. Жарияланған акцияларды шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізу 1 рет жүргізіледі.
5. Акцияларды жабық тәсілмен орналастыруга шектеу қойылған.
6. Дивидендтерді төлеу мерзімін өткізіп алганы үшін айыппұл төлеу енгізілген;
7. Соттың шешімі бойынша акцияны өтеу процедурасы енгізілген.
8. Бұрын мемлекеттік қызметте болған адамдарды қоғамның басшы органдарына сайлауға шектеу қойылган.
9. Процедуралық мәселелер бойынша егжей-тегжейлі талаптар (акционерлердің жалпы жиналысын дайындау және өткізу, директорлар кеңесін сайлау және оның мәжілісін өткізу және т.с.с) қойылған.
10. Аффилиирленген жақтар туралы тарау енгізілген ( бүрынғы заңда ол туралы тек түсінік берілген болатын).
11. Орналастыру бағасы , ірі акционер , төлем агенті деген ұғымдар енгізілген.
12. Тек қана тәуелсіз тіркеушілердің акция ұстаушы реестрін жүргізуі бойынша шектеу қойылған.
13. Халықтық акционерлік коғам екенін білдіретін белгілердің саны азайған. Н.Құрылтайшы жиналысына қойылатын талаптар пайда болған.
Қорыта айтқанда, заңның 11 тарауы 90 бабының 1 тармағында Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қүрылған коғамдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде өздерінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге міндетті және 2 тармағында Осы талаптарды орындамаған қоғамдар белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей қоғамды қайта ұйымдастыруды жүргізуге немесе оны таратуға міндетті делінген.