Каспийдің жоғары деңгейде ластануының көптеген себептері баршылық

Скачать

Каспий –болашақ. Болашақ —ұрпаққа аманат туралы қазақша реферат

Каспий теңізі – ішкі континентте орналасқан әлемдегі ең үлкен су қоймасы , ол ешқандай әлемдік мұхиттармен жалғаспаған. Көлемі 398000 км. Ол Еуразияның ішкі жағында орналасқан, табиғаттың керемет жаратылысы болып табылады.Каспий теңізі өте сезімтал экожүйе болып табылады. Соңғы он жылдықтағы антропогенді және биохимиялық факторлардың әсерінен экожүйенің жалпы жағдайы, әсіресе теңіздің солтүстік шығыс бөлігіндегі жағдай нашарлап кетті.Жалпы, Каспий теңізі экожүйесінің жағдайы дағдарыс алды деп бағаланады, және де солтүстік-шығыс бөлікте мұнай алуға кіші су қоймаларын жоспарлары бойынша жасаса, оның табиғи ортасын ірі масштабта нашарлатуы мүмкін.Каспийдің жоғары деңгейде ластануының көптеген  себептері баршылық. Соның бірі ретінде теңіз астындағы көмірсутегі шикізаттардың белгілі бір мөлшерде сақталуы, халықтың және өнеркәсіптің жоғары тығыздығы, құлама өзендердің бойындағы ауыл шаруашылығының белсенді игерілуі, өзен-теңіз деген айқын көрінерлік геохимиялық тосқауылдың болмауы, бассейннің тұйықтығы және т.б. Мұнай, фенол сияқты ластаушылардың кей мөлшерінің теңіз суына түсуі табиғи процесстердің нәтижесінде болады.Теңіздің басты ластаушысы мұнай болып табылады. Мұнай – өзіндік иісі бар қара-қоңыр түсті тұтқыр майлы сұйықтық. Мұнай өнімдері шекті, шексіз қатарлардан тұратын көмірсутегілердің күрделі қоспасынан тұрады. Қоршаған орта мен оның тұрғындарына мұнай және оның өнімдері қандай зиян келтіреді? Судың көп бөлігінің бетін жұқа пленка түрінде жайылу арқылы мұнай көптеген тірі микроорганизмдерге зиян әсер етіп, биологиялық тізбектің барлық өкілдерін жоя алу мүмкіндігі бар. Мұнаймен ластану Каспийдің көк-жасыл мен диатомды балдырлар ретінде белгілі фитобентос пен фитопланктондарының дамуын тежейді. Теңізге түскен мұнай өнімдері балықтардың уылдырығы, дернәсілі мен шабақтарының сапасына кері әсер етіп, қоректің базаны жояды. Тек мұнайдың 1 тоннасы теңіздің 12 км2 беттік көлемін ала алады. Теңіздер мен мұхиттар бетіндегі мұнай пленкалары энергия, жылу, ылғалдылық және суқоймалар мен атмосферадағы газдар алмасуын бұза алады; физико-химиялық процесстерді өзгертеді: су беткейінің температурасы жоғарылайды, газ алмасу нашарлаған соң, балық кетуі не өлуі мүмкін, сондай-ақ су түбіне тұнған мұнайда барлық тірі организмдерге зиянды әсер етеді: мұнайдың жинақталуы жоғары ұйымдастырылған жануарлар мен қарапайымдылардың қоректену тізбегінде болады. Теңіздің биологиялық тепе-теңдігіне мұнаймен ластану жойқын түрде әсер етеді: дақтар күн сәулелерін өткізбейді, судағы оттегінің жаңаруын баяулатады және биологиялық өнімділік төмендейді. Кейде мұнайдың улы компоненті балықтардың, теңіз құстарының өліміне себепкер болады. Теңіз жануарларының етіндегі дәмнің сапасына кері әсер етеді. Мұнаймен уланудың қауіптілігі оның концентрациясының жоғарылуымен байланысты. Судағы токсинділік 1 мг м асқан конденсацияда байқалады. Уақыт өте келе судағы мұнай концентрациясы ұшпа компонентерінің булану, еру, тотығу, эмульгирлену, биодеградацияның арқасында азаяды. Тотыққан мұнай суқоймалардың түбіне тұнады.Геоэкологиялық қазба  жұмыстар нәтижесінде Каспий теңізінің оңтүстік жағалауындағы территорияларында мұнай және газ аймақтары табылды. Басқада мәләметтерге сүйенсек мұнай құрамында көмірсу рессурстары 15 млрд құрайды. Бұл дүние жүзінде  Персия бұғазынан кейінгі екінші орынды қамтиды. Жеңіл мұнай өнімдері теңіз бетінде, ал ауыр өнімдері теңіз түбіне жылжып, биоэкологиялық оргнаизмдердің жойылуына себеп  болады. Арнайы мамандардың бақылауы бойынша соңға 20 жыл шамасында сайғақтардың саны 20 есе, бағалы балықтардың түрлері 18 есе азайды. Каспий теңізі  — экологиялық катастрофаның бастапқы кезеңінде.  Бұған дәлел қазіргі таңдағы итбалықтардың, балықтардың, құстардың және бентостық организмдердің өлімі. Аймақта тұратын мұнайшылар бір мақсатпен жұмыс атқарады Қандайда баға болмасын – мұнай алу үкімет осыны растап отыр. Ресейде 2000 жылдан 2005 жыл арасында 3 млрд жуық мұнай өңідірілген, сонымен қатар атмосфераға 13 млн қалдық тасталынған. Осының әсерінен теңіз судактарының санының азаюымен және ресурстық мағынасын жоғалтумен қатар келеді. Ластанудың әсерінен бір түр ғана жойылмай, сонымен қатар бүкіл тіршілік орындарының жойылуы көп қауіптірек.Мысал ретінде Түркменстандағы Соймон бухтасын, Оңтүстік Каспийдің  батыс жағалауындағы бірнеше участоктарды келтіруге болады. Өкінішке орай, Оңтүстік Каспийдегі балық үйірінің тіршілік ететін жерлері мұнай аудандарымен сәйкес кел


Скачать


zharar.kz