Қазақстан Республикасының аумағында мұнай - газ операцияларына арналған байқаулар ұйымдастыруға қатысу

Скачать


ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның қаржылық-шаруашылық жағдайына сипаттама туралы қазақша реферат

2002 жылдың 20 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің үкімімен, мұнайгаз экономика секторында, Қазақстан Республикасының қызуғышылығын қолдайтын, тиімділіктің деңгейін көтеру және мұнайгаз кешені дамыту үшін Ұлттық акционерлік қоғам ҚазМұнайГаз құрылды – 100 % мемлекеттік үлеспен. АҚ ҚазМұнайГаз , ЖАҚ ННК Қазақойл және ЖАҚ НК Мұнай және Газ тасымалдау құқықтық мирасқор болып келеді.

ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. Акцияларының 100%-і Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-қа тиесілі. ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде Қазақойл ұлттық мұнай-газ компаниясын және Мұнай және газ тасымалдау ұлттық компаниясын біріктіру арқылы құрылды.[11]

Компания міндеті – ұлттық мұнай-газ саласын дамытуға қатысудан Қазақстан Республикасы үшін барынша көп пайданы қамтамасыз ету:

• Компанияның құнын барынша арттыру, табыстылығын арттыру, өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

• халықаралық нарықта бәсекеге қабылетті интеграцияланған мұнай-газ компаниясы ретінде қалыптасу;

• отандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жеткізушілерді қолдау, жергілікті кадрларды дамыту.

ҚазМұнайГаз — өндірістік қызмет қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына сәйкес келетін халықаралық сыныптағы жоғары тиімді мұнай-газ компаниясы.

ҚазМұнайГаз ҰК АҚ мұнай мен газды барлау және өндіру, газ тасымалдау және маркетинг, мұнай тасымалдау, мұнай өңдеу, мұнай-химия және мұнай мен мұнай өнімдері маркетингі секторларында интеграцияланған өсу, сондай-ақ мұнай-газ саласына арналған сервистік қызметтер секторында стратегиялық маңызды активтерді іріктеп дамыту стратегиясын жүзеге асыратын болады.

ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының мақсаты — 2015 жылға қарай әлемнің отыз ірі мұнай-газ компанияларының қатарына кіру.

ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы қызметінің негізгі мәні ретінде мыналар белгіленген:
мұнай-газ саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу; республиканың мұнай-газ ресурстарын тиімді және ұтымды игеруді қамтамасыз ету; мұнай және газ ресурстарын пайдалану, қалпына келтіру және одан әрі арттыру стратегиясын әзірлеуге қатысу; келісім-шарттарға міндетті үлестік қатысу арқылы мұнай- газ операцияларын жүзеге асыратын мердігерлермен келісім-шарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіру; Қазақстан Республикасының аумағында мұнай-газ операцияларына арналған байқаулар ұйымдастыруға қатысу; корпоративтік басқару және көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу, сату, тасымалдау, мұнай-газ құбырларын және мұнай-газ кәсіпшілігі инфрақұрылымын жобалау, салу, пайдалану мәселелері бойынша мониторинг; заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының мұнай-газ операцияларын жүзеге асыру жөніндегі ішкі және халықаралық жобаларына қатысу.
ҚазМұнайГаз ҰК АҚ Маңғыстау мен Атырау облыстарындағы құрлық бетіндегі 44 мұнай-газ кен орындарының меншік иесі болып табылады.

Кен орындарының жалпы аумағы 837,4 км² құрайды. Компанияның өндірістік бөлімшелері 90 жылдан астам қызмет істеп келеді, ал мамандар терең білім мен бай тәжірибеге ие.

ҚазМұнайГаз ҰК АҚ Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын мұнай тасымалының 65%, газ тасымалының 100%, танкерлік тасымалдың 50% қамтамасыз етеді. Құбыр желісімен мұнай тасымалын ҚазТрансОйл АҚ, газ тасымалын ҚазТрансГаз АҚ, танкерлік тасымалдарды Қазтеңізкөлікфлоты ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы жүзеге асырады.

Компания Қазақстан аумағындағы негізгі мұнай өңдеу активтерін басқарады ( Атырау МӨЗ ЖШС, ПетроКазахстанОйл Продактс ЖШС; Павлодарский МӨЗ ЖШС), сондай-ақ Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттарына ие.

ҚазМұнайГаз ҰК АҚ мұнайды, мұнай мен газ өңдеу өнімдерін өздігінше сатумен айналысады және осы өнімдерді сату саласындағы экспорттық саясатта мемлекеттің мүдделерін қорғайды.

ҚазМұнайГаз ҰК АҚ: өндірістік қызмет қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына сәйкес келетін, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті интеграцияланған мұнай-газ компаниясы.


Скачать


zharar.kz