Хлордың әсерінен озонның ыдырау циклі

Скачать


Егер атмосферадағы озон қабатының белгілі бір аймағындағы озонның дефициттік мөлшері 30%-дан асса, онда ол жерде Озон тесігі бар деп саналады. Антропогендік әрекеттер озонды жоюға әкеліп соғады.Адам баласының абайсыздығына байланысты озон қабаты ұзақ уақыттан бері жұқарып барады. Оның жұқаруының негізгі себептері мыналар:

1. Ғарыш кемелерін ұшыру салдарынан озон қабаты тесіледі. Жыртылған тесіктер ұзақ уақыт бойы бірқалыпты тұра береді.

2. 12-16 шақырым биіктікте ұшатын ұшақтар да озон қабатына қауіп төндіреді. Керісінше, 12 шақырымнан төменде ұшатындары озон қабатының қалыптасуына септігін тигізеді.

3. Атмосфераға фреондардың тасталуы. Озон қабатының тесілуіне ең үлкен қауіп тигізетін хлор мен оның судағы қоспасы. Хлордың көп бөлігі атмосфераға фреондардың ыдырауы арқылы тарайды. Ол жарылуға әкеп соғады. Сондықтан хордың бір атомы көп озонды құртуға қызмет етеді. Оның қоспасы ауада 50-120 жылға дейін сақталып тұрады. Фреон бөлме

температурасында көлемін көбейтетіндіктен, аэрозоль ретінде пайдаланып келеді. Озон қабатының тесілуінен адам баласы ісік ауруына шалдығады екен. Сонымен қатар тері ісігі, көз ауруларын қоздырып, егістік алқаптарына зақым келтіреді.Әлемде индустрия мен түрлі экологиялық зияны бар салалар қарқынды дамыған сайын атмосфераның озон қабатына тиіп жатқан зиянды

әсерлер көп. Озон қабаты жұқарып, тіпті, кей жерлерде озон тесіктері пайда болды. Бұл дегеніміз сол тесік пайда болған аймаққа және жердегі тіршілік үшін қауіп төнгендігін білдіреді. Озон қабатының тесілуіне адамдардың ықпалы қатты әсер етеді. Мысалыға, егінді алқапта пайдаланатын химиялық

тыңайтқыштар, дыбыстан да жылдам ұшақтар мен ғарышқа ұшырылатын зымырандардың атмосфераға бөліп шығаратын улы газдары, фреондар (түссіз, иіссіз газдар мен сұйықтықтар) және ядролық жарылыстар озон қабатын жұқартатын басты факторлар. Одан басқа химиялық белсенді газдардың әсерінен де озон қабаты зақымдалады. Оған мысал:

Азоттың әсерінен озонның ыдырау циклі

О3 + NO > NO2 + О2

Оттегінің әсерінен озонның ыдырау циклі

О3 + O > 2О2

Сутегінің әсерінен озонның ыдырау циклі

ОН + О3 > НО2 + О2

НО2 + О3 >ОН + 2О2

Хлордың әсерінен озонның ыдырау циклі

Cl + O3 > ClO + O2

Сондай-ақ, метан мен этан газдарынан түзілетін Хлор-фтор-карбоны органикалық қосылысы катализдік эффект арқылы түнгі уақыттарда озон

концентрациясын азайтып, O2 концентрациясын көбейтеді. Мұндай жағдайлар ұзақ уақыттық поляр түндері кезінде жиі байқалады. Соңы озонның тесілуіне әкеп соғады. Поляр түндері аяқталған кезде күн озон

қабатының тесілген бөлігі арқылы өзінің зиянды сәулелерін өткізеді. Ал бұл дегеніміз тері рагы аурулары мен көз ауруларын тудырады және ағзадағы

иммунды жүйе бұзылады. 1985 жылы ағылшын ғалымдары 1980 жылдан

бері әр жылдың көктемінде Антарктиданың аспанында озон мөлшерінің азайып отырғандығын дәлелдейтін мақала жариялады. Бұл тақырыптыжурналистар қауымы “”Антарктиданың төбесіндегі Озон тесігі’’ атты сенсацияға айналдырып жіберді. Антарктида аспанындағы озон қабатының жұқарып, тесілуінің басты себебі ретінде Жер тратосферасындағы хлор тотығы мен озонды зақымдағыш заттар мөлшерінің күрт артуы аталады.

90-жылдардың бірінші жартысындағы озон қабатының жұқаруы 15 млн.  шаршы км. (32-63 күн бойы сақталған) болса, 1995 жылы бұл көрсеткіш 20

млн. шаршы км-дан асып түсіп, 71 күн бойы осы қалпында болды. 1999 жылдың соңындағы ақпаратта озон тесігінің 25 млн. шаршы км. Болғандығы айтылады. Оның жердегі өлшемі Жаңа Зеландияның жағалауына дейін жеткен. 2000 жылы Жаңа Зеландиялық ғалымдар Антарктидадағы озон

тесігінің ауданы 29,53 20 млн. шаршы км. болғандығы жайлы мәлімдеді. Тесілген озон аумағынан өтетін күннің зиянды сәулелері Чилидің Пунта-Аренас қаласына түскен. Одан кейінгі кезектерде Аргентина, ОАР және Австралия қауіпке жақын болды.


Скачать


zharar.kz