АТФ Банкінің несиелендіру операциясы туралы қазақша реферат

Скачать

АТФ Банкінің несиелендіру операциясы туралы қазақша реферат

АТФБанк АҚ нарықта ірі компаниялар мен шағын және орта бизнес уәкілдерін несиелендіру бойынша өз қызметін ұсынады. Айналым капиталын толықтыру мен негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша бір қатар несиелендіру бағдарламалары бар. Банк экономиканың нақтылы секторларының салаларын (сауда, өндіріс, ауыл шаруашылығы, т.б.) несиелендіреді,инвестициялық жобаны қаржыландырады, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін мол таңдаудағы бағдарлама және өнімдерді ұсынады.

Бөлшектеп несиелендіру бағдарламасының бөлігін өндіруде бөлшек сауда өнімдерін сату нарығын меңгеру қарқынды дамып келеді. Жеке тұлғаларға арнайы өңделген бағдарламалар бойынша ұзақ мерзімді займдарды ұсыну халыққа және олардың тұтынушылықтарын қанағаттандыруға жіберілді. Несиелендірудің жаңа бағдарламасы АТФБанк АҚ клиенттеріне мына займдарды алуға ұсыныс жасайды:

ü Ипотекалық несиелендіру (ипотекалық келісім шарт үлгісі 3-қосымшада көрсетілген)

ü Автонесиелендіру

ü Табысты анықтамай-ақ шұғыл мұқтаждарына және төлемдерді төлеуге қызмет көрсету

Несиенің қағидаларында: несиенің жұмсау мақсаты, несиенің көлемі, несиенің мерзімі, несиенің пайыздық ставкалары көрсетіледі.

Несие беру Ұлттық банк ережесіне сай жүргізіледі. Осы ережелерге сай АТФБанк және оның филиалдары жеке, заңды тұлғаларға несие беруде көлемін анықтайды, негізгі талаптарын қояды,  оның жүргізу процедурасын бас банкпен байланыса отырып жүргізеді.

Несие беру кезінде белгілі бір сома анықталған мерзімге беріледі және ол бойынша максималды шектеуді тағайындайды. Несие беру ұлттық немесе шетел валютасында беріледі.  Клиент соңғы 6айға жұмыс орнынан айлық табысы мен еңбекақыдан ұсталынған айлық төлемдер бойынша бас бухгалтердің мөрімен мөрленген  анықтама қажет.

Қысқы, орта, ұзақ мерзімді несие бойынша бухгалтерлік жазбалар.
Несиелік келісімшарттар жасалғандағы берілген соманың номері, клиенттер алдындағы міндеттемеге аударылады:
Дт-1414,1417

Кт-2211

Кіріс7339
Нақты ақшамен қарыз беруде тұрғын үй жинақ банкісі несие алудан нақты ақшаны инкассациялауға комиссиондық төлем талап етті:
Дт-2211

Кт-4608
Жасалған келісімшартқа сәйкес, несие алушы ай сайын белгіленген ақша сомасымен қайтаруға міндетті сомасы:
Дт-1001

Кт-4414,4417 пайызға 1414,1417 алғашқы сомасына, яғни несиеге.
Қарыз қалдығы теңгенің долларға ауысу курсында көрсетілуі керек. Егер ай соңында қайтарылмаса, онда келісімінің 10 күнінен кейін кешіктірмей қарызды мерзімі ұзартылған шотына апарады:
Дт-1424

Кт-1414,1417
Несие алушыдан барлық қарызын толық қайтаруға қолма-қол ақша түскенде жедел, шұғыл міндеттеме алынады:
Дт-1001

Кт-1424,1414,1417

Шығыны 7339


Скачать


zharar.kz