1) 1941 жылы 22 маусымда Фашистік Германия соғыс жарияламастан жасалған келісімді бұзып, КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Гитлерлік Германия осыған дейін Еуропаның көптеген мемлекеттерін басып алған болатын.
Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономи-калық астары болды. Герман империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет кұруды кездеді.
Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасаған «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ-Орал, Түркістан сияқты рейх комис-сариаттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді.
Фашистер Кеңес адамдарын қырып-жою жолына осылай түсті.
Ал Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өзі еркімен
жаппай жазыла басталды.
Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа кажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 зауыт пен фабриканы, кәсіпорынды Қазақстанға көшіру жургізілді.
2)Соңғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Брест қамалын қорғаушылар арасында
В. Фурсов, Қ. Турдиев сияқты қазақстандыктар болды. 1941 жылы 24 мау-сымда қазақстандық 219-атқыштар полкі Шяуляй қаласының (Литва) түбінде соғысқа кірісті. Бұл полк азамат соғысы жылдарында құрылған болатын. Дивизия комиссары қазакстандық Е.П. Рыков Полтава жерінде ерлікпен қаза тапты. Танк әскерлерін басқарған генерал-майор К.А.
Семенченко фашистерге қарсы шайқаста көрсеткен ерлігі үшін КСРО батыры атанды.
3)Соғыс жылдарында экономиканы соғысқа бейімдеу мақсаты мен КСРО Ғылым академиясы жанынан «Орал, Батыс Сібір, Қазақстан ресурстарын қорғаныс қажетіне жұмылдыру жөніндегі комиссия» кұрылды. Комиссия кұрамында А.А. Байков, В.Л. Комаров, В.К. Обручев сияқты ғалымдар болды. Сонымен қатар Қазақстан жерінде Л.С. Берг, С.Н. Бернштейн, Н.Д. Зелинский, Л.И. Мендельштан, А.Н. Бах т.б. академиктер жұмыс істеді.
Ақадемик А.С. Орлов соғыс жылдарында орысша-қазақша сөздік құрастырып, «Батырлар жыры» атты еңбек жазды. Алматыға майдан өңірінен 20-ға жуық ғылыми-зерттеу мекемесі кешіріліп жұмыс істеді. КСРО Ғылым академиясының қазак филиалы да соғыс мұқтажына жұмыс істеді. Майдан қажетіне байланысты сирек металды зерттеу ісінде К.И. Сәтбаев көп еңбек сіңірді.
Соғыс жылдарыңда Қазақстанда ашылған жоғары оқу орыңдары: Алматы шет тілдер институты, Шымкент технология институты, дене шынықтыру институты т.б.
90-ға жуық ақын, жазушы майдаңдағы жауынгерлер қатарында болды.
Соғыс жылдарында Ж. Жабаев «Ленинградтық өренімді», Ж. Саин өлеңдер жинағын, Қ. Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңызды»,
С. Мұқанов «Өмір мектебін», М. Әуезов «Абай» роман эпопеясыныңI кітабын жазды. А. Толстой Қазақстан жерінде болғаңда, «Иван Грозный» кітабын жазды.
Соғыс жылдарында Алматыда актерлерді даярлайтын бүкіл одақтық мемлекеттік кинематография институты жұмыс істеді. Киностудиялар
М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов т.б. жазушылардың көмегімен «Абай әндері», «Жауынгер ұлы», - «Саған майдан», 8-гвардиялық« сияқты картиналарды түсірді. Қазақстанда құрылған 11 концерт бригадасы майданда өнер көрсетті. Соғыс жылдарында ғылым мен мәдениет майдан қажетіне осылай аянбай қызмет етті.
4) Ұлы Отан соғысы осылай Кеңестер Одағы жеңісімен аяқталды. Ше-шуші «Берлин» операциясына көптеген қазақстандықтар қатысты. Кеңестер Одағының батыры С. Нұрмағанбетов Берлин үшін шайқаста әскери бөлімнің бірін басқарды. Ол ҚР Қорғаныс министрі қызметін атқарды. Берлин-операциясына Т. Бигельдинов, X. Қайдауов,
3. Тұрарбеков, X. Көбеков, А. Еремеевт.б. қатысты.
Р. Қошқарбаев және Г. Булатов рейхстаг төбесіне жеңіс туын тікті. Рейхстагқа ту тіккендер қатарында қазақстандық Р. Қаражанов пен
X. Мәденов те болды.
Қазакстандықтар осылай Ұлы жеңіске өз үлестерін аямай қоса білді.
500-дей қазақстандық Кеңестер Одағының батыры атағына ие болды. Оның 98-і қазақ.
Т. Бигельдинов, Л.И. Беда, И.Ф. Павлов, С.Д. Луганский екі мәрте Кеңестер Одағының батыры атанды. Барлығы ұшқыш болған бұлар 200-ден астам әуе шабуылына қатысқан. Ұшқыш И.Н. Кожедуб үш мәрте Кеңестер Одағының батыры атанды.
Кеңестер Одағының батыры атағын алғандардың ішінде қос қазақстандық қазақ қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова болды. М. Мәметова пулеметші, ал Ә. Молдағұлова мерген болды.
Ұлы Отан соғысында КСРО 27 миллион адамынан айырылды. 600000-ға жуық қазақстандық майданда шейіт болды.
5) П дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Соғыс зардаптары: 1710 қала, 70000 ауыл қирады, 32000 өнеркәсіп, 100000 ауыл шаруашылық кәсіпорны бүлінді және 2 млн адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Сталинград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды.
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Себебі КСРО соғыста 27 млн адамнан айырылды. Осыған байланысты Қызыл Армия қатарында демобилизация (әскерден босату) басталды. 1945-1948 жылдары Қызыл Армия қатарынан 8 млн 500 мың адам босатылды.
Соғыс жағдайына бейімделген ел экономикасының қайта құрылуы басталды. Сұрапыл жылдары соғыстың қажетін өтеп тұрған кәсіп-орындар бейбіт тұрмыс өнімдерін шығара бастады.
Қазақстан экономикасын бейбіт жағдайға бейімдеу көп қиыншы-лықтар тудырды. Соғыс жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар қайта азат етілген аудандарға қайта көшірілді. Сонымен бірге білікті мамандар да қайтты. Соғыста жарты миллионнан астам адам қаза тапты, көбі мүгедек болып оралды т.с.с. Мұның бәрі шаруашылықты қалпына келтіруді кешеуілдетті. Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге барынша көмек көрсетті.