Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өріп қояды

Скачать

Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өріп қояды. Мұны - "айдар" дейді, Бұл шаша қоюдың бір түрі. Бұрын ел ғұрыпты көп қолданған. Кәзіргі кезде біздің жас балдардан арасында айдары бар балдарды көп кездесуге болады. Балдарға сонымен қатар тұлым, кекіл де қойылады.


Тұлым қою (ғұрып). — Баланың (ұл, қызды) кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны "тұлым" деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты ғұрып.

Кекіл (ғұрып).
Қарағым, айналайын, кекілдім-ай,
Көгілдірі аққудың секілдім-ай.
(Халық өлеңі)
Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны "кекіл" дейді. Кекіл балаларға жарасымды ажар береді.
Кекіл жылқыда да болады.

Кекілін кескен кер атым-ай,
Титтейден өскен бекзатым-ай.
(Халық өлеңі)


Скачать


zharar.kz