Бұрынғы заманда қалың мал байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы болғаны шындық

Скачать

Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күйеу жағы "қалың мал" төлеуге тиіс. Бұл — қазақ, қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты, екі жақ келісе отырып шешеді. Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері 5-6 малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен. Би мен байлар, хан мен төрелер арасында қалың мал үстіне "бес жылқы" деп аталатын бес түйеге қосып бір "жетім кыз", "аяқ жақсы" деп беретін үш түйеге қоса бір "еркек жетім" бергендігі кейбір деректер арқылы белгілі. Қалың малдың "қырық жеті", "отыз жетінің бүгіні, "отыз жеті", "отыз жетінің жартысы", "жақсылы отыз жеті", "жиырма жеті", "он жеті", "домалақ калың мал", "домалақ бата" сияқты түрлері болған. (КСЭ, 6-том). Мұның сыртында той мал,сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі-тірі
апаратын, тағы басқа көптеген бағалы кәде, жоралар да болады. Бұған кеңес үкіметі кезінде "қызды малға сату" деп қара күйе жағыльп келді. Ал шындығында қыздың жасауы "калың мал" мөлшерінен кем болмаған. Демек, бұрыңғы дала заңында бұл ескерілген сияқты.
Әрине "қалың мал" құдалардың дәулетіне байланысты болған. Бұл істе әркім өз шама-шарқына қарай белгілеген. Бұрынғы заманда "қалың мал" байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы болғаны шындық. XIX ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүзде Байсақал мен Орта жүзде Сапақ құда болған. Сонда Байсақалдың қызының "қалың малы" 500 жылқы болған. 300 жылқы — қара малы, 100 жылқы үйге кіргізер, 100 жылқы той малына кетіпті (М.Ж.Көпеев).


Скачать


zharar.kz