• Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан - дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде жатқан нан болса, алып, адам баспайтын жерге қою керек.
• Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. Асығыспын, нан ауыз тиейін , Ең құрыса, нан ауыз ти деген сөздер бекер айтылмаған.
• Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Нан - қасиетті дәм. Онымен ойнауға болмайды. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады.
• Нанды басып Құранды алуға болмайды, ал аяқтың астына Құранды қойып нанды алуға болады.