Баланың сана - сезімін жетілдіру үшін жасалатьш тәрбиелік салттың бірі - осы ашамайға мінгізу салтанаты болып табылады

Скачать

Баланың сана-сезімін жетілдіру үшін жасалатьш тәрбиелік салттың бірі — осы ашамайға мінгізу салтанаты болып табылады. Жас бала есі кіріп 6-7 жасқа келген соң оған жеке тай атап, ашамай істетіп қамшы өріп "сен азамат болдың" деген сенім ұялатып, үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп, жүргізеді. Бұл баланың көңілін өсіреді, басқа балалар алдында мерейі көтеріліп, мақтаныш сезімде болады, тез есейеді. Оны еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеудің ұлттық әдістемелік жолдың бірі — осы ашамайға мінгізу арқылы көрінеді. Осы қуанышты сәтте баланың атасы:

Ал ақ тілек, ақ тілек,
Атқа тоқым сал білек,
Атқа да жақсы шаба біл,
Жасынан малды баға біл,
Өнеге, өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл,
Атқа міндің, ақ жол болсын — деп бата береді.

Ақ тілекті аналар шашу шашады. Басқа балалар тайға мініп жарысады. Аяғы шағын тойға ұласады.


Скачать


zharar.kz