• Егінді, шалғынды бейсауат баспайды. Обал болады.
• Көкті жүлса, Көктей соласың деп жамандыққа жориды.
• Суға дәрет сындыруға болмайды. Ағын судың арамы жоқ деген сөз бар. Бүл суды басқалар пайдаланады.
• Суға түкірмейді, өйткені бүл суды қайта ішуге тура келеді.
• Ағьн суды бұруға болмайды. Судың да сүрауы бар , Аққан су арнасымен ақсын , Бидің жолы ақ, судың жолы сара деген сөздер бар.
• Қүстардың үясын бұзуға болмайды. Қарғаса, үй ішіңе кесепаты тиеді.
• Торғайдың жұмыртқасын шақсаң, бетіңе шұбар түсуі мүмкін.
• Аққу киелі құс деп саналатындықтан, оны атуға, құс салуға болмайды.
• Қыран құстарды атса, киесі тиеді.
• Киіз үйдің шаңырағына қарлығаш үя салса, балапандары ұшып кеткенше көшпейді. Қарлығаш адамға дос, сондықтан ұясын бұзбайды.
• Байғыз киелі құс болғандықтан, оны ұстап алуға болмайды.
• Үкіні ұстап алуға болмайды. Ұстаған күнде үкісін жүндеп алған соң, бір тойдырып, босатып жіберу керек.
• Жапалақ пен жарқанатқа тиюге болмайды, қарғысы қатты болады.
• Құмырсқаның илеуін бүзсаң, үй ішіңе кесепаты тиеді.
• Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады.
• Жылан үйге кіріп кетсе, өлтірмейді, басына ақ құйып шығарады.
• Жолбарыс, аюды көп ауламайды, оларды аң иесі деп санайды.
• Өсіп тұрған ағашқа балта тигізуге болмайды. От жағуға қураған ағашты, малдың тезегі мен қиын пайдаланады.
• Жабайы анды үнемсіз аулауға болмайды. Қажетіне қарай аулап, қалғандарының өсіп-өнуіне жағдай жасап отырады.
• Қара суды сапырмайды.