Аңшылардың қысты күні күтетін сәті - сонар

Скачать

Мұндай аң аулағаңды қазақтар "салбұрын" деп атайды. ("Дала уәләйаты" газеті). Бұл — аңшылық сауық. Аңшы, саятшы жігіттердің топ болып, бірнеше күн бойы аңға шығуын "салбұрын" деп айтады. Мұны аңшылық мерекесі десе де болады. Мұнда алған аң бәріне бірдей бөлінеді. Ауылдағы ақсақалдардың жолы бөлек есептеледі. Салбұрын аңшылардың ерлігін, азаматтығын сынайтын жол. Аңшылардың қысты күні күтетін сәті — сонар. Сонар "ұзақ сонар", "келте сонар" және "қан сонар" деп үшке бөлінеді. Мұның ең қызығы соңғысы. "Қан сонарда бүркітші шығады аңға" (Абай).
Бұл — аңшылар үшін өте қызықты сәттердің бірі. Қыстың тынық күні ұлпа қар жерге түскенде жүрген аңның ізі тайға таңба басқаңдай анық көрініп жатады. Аңшылар бұл күнді асыға күтіп жүреді де ізіне түскен аңды құтқармай соғып алады. Тағы бір қызығы қасқыр, түлкі сияқты аңдар сонардың өзіне қауіпті екенін сезеді. Ондай сәттерде олар апанынан, інінен немесе жатқан жерінен қозғалмайды, із салмайды. Мұны аңшылар жақсы біледі. Сонарда аңшылар аңды дабыл қағып, айғайлап, ит қосып үркітіп шығарады.


Скачать


zharar.kz