Адал сөз екі дүниеде жанның шырағы

Скачать

Көбей 1710-1785 жылдар аралығында өмір сүрген, халқына белгілі шешен, би атанған. 1779-1780 жылдары Еңлік-Кебек оқиғасының ішінде болып, жолсыз жазаға ұшыраған екі жастың өліміне қатты қайғырып тебіренген. Көбей би туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов шығармасында Шәкәрімнің Еңлік-Кебек дастанында айтылған. Көбей би айтты деген ел ішінде көптеген шешендік алғыр ойлы сөздер қалған. Ақырында мен раріп атты толғауды Еңлік – Кебектің жазықсыз жалаға ұшырағаннан кейін айтқаны деседі:
Осы кезде кім ғаріп,
Бірлігі жоқ ел ғаріп.
Еркімен ел жайламай,
Құлазып тұрған жер ғаріп.
Қаз-үйрек ұшып қонбаған,
Айдын да шалқар көл ғаріп.
Көмек тимей қорлықпен,
Арманда өлген ер ғаріп.
Мақсатына жете алмай,
Ерікті өмір өте алмай,
Көзінің жасы сел болып,
Зарлап өлген ару қыз,
Бәрінен де сол ғаріп.
Қадірін біліп ұқпаса,
Нақыл айтқан сөз ғаріп.
Елің жөнге салмаған,
Қос қыршынды жалмаған,
Еспембеттей би ғаріп.
Үш күн, үш түн жыладым,
Көзімнің жасын бұладым,
Жүрегім от боп елжіреп,
Буыным босап құладым,
Нақыл сөзім өтпеген,
Тентек елге жетпеген,
Ақырында мен ғаріп.
Аз болған соң еліміз,
Жаулы болып жеріміз.
Екі қыршын қаза боп,
Үзілді ғой беліміз.
............................................................................................................

Үйіңнен дауыл кетпейді,
Ақымақ болып тоқ болсан,
Ешкімге назың өтпейді,
Арыстан болып жоқ болсан.
Ат барлығы не керек,
Болмаса атытың сияғы,
Биік таудың барлығы не керек,
Іргесінде болмаса тұрағы.
Шалқар көлдер не керек,
Жағасында болмаса құрағы,
Ер жігіттер барлығы не керек,
Артында болмаса тұяғы.
Адал сөз екі дүниеде жанның шырағы.
Арам сөздің екі дүниеде бар сұрағы.
Тірі жүрген адамның ақырында
Қара жер болар тұрағы.
..............................................................................
Жүйрік ат ер пырағы,
Ойлаған жерге жеткізер.
Жақсы бала әке шырағы,
Көргенде құмар еткізер,
Жақсы әйел үй тұрағы,
Жатты жақын еткізер.
Тамаша алғашқы шу-ду сияқты,
Қуанышқа көтерген су сияқты.
Шу қылып аяқ жағын шерменде ғып,
Болады тілеп ішкен у сияқты.
Зер ұстаған зердің жайын біледі,
Жақсы басшы елдің жайын біледі.
Басынан көп өмірді өткізген жан,
Қайғыменен жердің жайын біледі.
Ой, дүние-ай, дүниесің,
Дем алғанша құбыласың.
Шан жұқпайтын кейде тұлпар,
Кейде орға жығыласың.
Кеше көл еді, бүгін тақыр,
Кеше бай еді, бүгін пақыр.
Ар сатуға ақырын келе жатыр.
Желдетпей тұман ашылмас
Желпінбей жүйрік басылмас.
Өндіршектен оқ тисе,
Жер таянбай тұра алмас.


Скачать


zharar.kz