Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№3 жалпы білім беру мектебі
Жаумитбаева Жанаргуль Саламатовна
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Cабақтың мақсаты
Білімділік:Оқушыларға есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi
жайлы түсінік беріп өту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,тәрбиелікке,тиянақтылыққа,жауапкершілікке баулу,тәрбиелеу.
Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін,ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, ждәптері, слайдтар, тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылармен сәлемдесу
-оқушыларды түгелдеу
-сабаққа дайындықтарын тексеру
-зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Ауызша, сұрақ – жауап, қауіпсіздік техника ережелерімен білімдерін тиянақтау.
III. Жаңа сабақ: Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi
1. Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:
Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;
Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;
Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;
Компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары.
Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек;
Жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.
3. Оқүшының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:
ЭЕМ – мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60 – 70 см қашықтықта ұстау керек;
Сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi;
Көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай – ақ, көз жаттығуын орындауға болады;
Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.
4. Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар:
Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек;
Өрт сөндiруде көмек көрсету қажет;
Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлуi керек;
Компьютерлiк сыныпта өрттi сумен сөндiруге болмайтындығын бiлуi қажет. Оған құм және т. б. өрт сөндiргiш құрал – жабдықтарын пайдалануға болады;
Электр тоғының әсерiмен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын бiлу қажет. Оңы әр түрлiматериалдарды(электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.
5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегi техника қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптары:
Мұғалiмнiң нұсқауы бойынша апаратты өшiру;
Жұмыс орнын ретке келтiру;
Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
1. Тоқты өшіру (щиттағы батырманы басу арқылы);
2. Зақымданушыны ток әсерінен(сымнан) босату;
3. Дәрігер шақыру;
4. Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына
байланысты көмек көрсету.
І. Күйген жағдайда:
● Ауырғанда сездірмейтін дәрілер (аналгин, валерьиян және т. б.) беру;
● Күйген жерге арнайы май (облепиха) жағу;
● Зақымданған жерге суық су құю;
● Алдын – ала жараланған жерді, микроптар түспес үшін мөлдір жұқа қағазбен (целлофанмен) орау.
ІІ. Есінен танып қалған жағдайда:
● Зақымданушы жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бір жағына қаратып, қырымен орналастыру керек;
● Нашатыр спиртін иіскету керек.
ІІІ. Тыныс алысы тоқтаған жағдайда:
● Ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексерту керек, егер ол күрмеліп қалса оны қолмен дұрыс қалпына керек;
● Дем алыс жағдайына келгенге дейін, қолмен дем алдыру (ауызбен ауызға) немесе дәрігер келгенге дейін жаттығулар жасату;
Шаршағандағы қолданылатын жаттығулар
Бас жаттығуларын жасау:
1. Басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;
2. Басты жан-жаққа, жоғары – төмен, оңға – солға бұру.
3. Саусақтарды жұмып – ашу және қолдың білезігін босаңсыту.
4. Денені босаңсытып және оны кетіріп ширықтыру.
5. Көз жаттығуларын жасау:
Көзге арналған жаттығулар:
1. 1 – 4 – ке дейiн санап көздi қатты жұмып, сонан кейiн ашып, жайбарақат ұстап,
1 – 6 – ға дейiн санай отырып, алысқа қарау қажет. 4 – 5 рет қайталау қажет
2. 1 – 4 – ке дейiн санай отырып, екi көздi оларға қатты күш салмай, бiр – бiрiне қаратып, соңында 1 – 6 – ға дейiн санай отырып алысқа қарап, 4 – 5 рет қайталау керек.
3. 1 – 4 – ке дейiн санап, басты қозғамай, оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату, соңында 1 – 6 – ға дейiн санап, алысқа қарау. Осы тәрiздi басты қозғамай, солға, жоғары, төмен қарау керек.
4. 1 – 6 – ға дейiн санай отырып, көзқарасты диогоналы бойынша: оң жақ жоғарыдан – сол жақ төменге аударып, сонан соң алысқа қарау; сонан соң сол жақ жоғарыдан – оң жақ төменге аударып, алысқа қарау. 4 – 5 рет қайталау. Көз гимнастикасын орындау кезiнде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады. Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен қысымды жеңiлдетiп, дененi сергiтедi.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Сұрақ – жауап
V.Сабақты қорытындылау :
Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап,қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.
VI.Үй тапсырмасы
Қауіпсіздік ережелерін жаттау
VII. Бағалау
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!