Өмірдің жиылғандай бар керегі.
Силастың елдің жақсы ардағымен,
Араласып бетке ұстар саңлағымен.
Жеті бала өсіріп, қырық бес жыл,
Қол ұстасып келіпсіз жан-жарыңмен.
Барында, жоғында да дәулетіңнің,
Көңілін қалдырмадың әлдекімнің.
Тізгінін кісілікпен ұстап жүрсіз,
Әулие Ешенғазы әулетінің.
Айналған қосағыңнан туысыңа
Апайым аман болсын-тыныш ұя.
Өмірдің бар қызығы алдан шығып,
Шайқалмас ырыс қонсын уысыңа!!!