Баланың туу туралы куәлігі

Скачать

Жалғызбасты аналар мен олардың балаларына қандай жеңілдіктер жасалады?

1. Жалғызбасты ана деген кім?
Көп адам жалғызбасты ана мен толық емес отбасы екеуін шатастырады. Жалғызбасты ана - заңды некеге тұрмай, дүниеге сәби әкелген әйел. Оларға алимент төленбейді.

Күйеуімен ажырасқан, яки жолдасы қайтыс болған, балалары бар аналар толық емес отбасы санатына кіргізіледі.

2. Жалғызбасты аналарға мемлекеттен үй беріле ме?
Беріледі. Ол үшін кезекке тұру қажет. Оның мынадай шарттары бар:

- Анасының қалада үш жыл тұрақты тіркеуі болуы керек (Алматы қаласы);
- Баласы екеуі бір жерде тіркеуде болуы керек. Баласының тұрақты тіркеуіне үш жыл толуы міндетті емес;
- Баланың туу туралы куәлігі;
- Жұмыс істейтін болса, жұмыс орнынан анықтама алуы керек;
- Соңғы алты ай немесе 12 айға табысының мөлшері қажет;
- Қандай да бір әлеуметтік көмек алатын болса, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан (МЗТО) анықтама алу керек.

3. Толық емес отбасы үйге кезекке қалай тұрады?
Ол үшін мынадай құжаттар қажет:

- Ажырасқаны туралы немесе жарының қайтыс болғаны туралы куәлік;
- Балаларының барлығы бір мекенде тіркеуде болуы керек;
- Балаларының туу туралы куәлігі;
- Жұмыс істейтін болса, жұмыс орнынан анықтама алуы керек;
- Соңғы алты ай немесе 12 айға табысының мөлшері қажет;
- Қандай да бір әлеуметтік көмек алатын болса, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан (МЗТО) анықтама алу керек.

Жалғызбасты аналарға және толық емес отбасына берілетін үйдің бөлмелер саны балалардың санына байланысты болады (бір балаға бір бөлмелі, екі балаға екі бөлмелі, т.б.)


Скачать


zharar.kz