Волга - Дон өзен екі өзен жарысып,
Білуші ек мың жылдар аққанын;
Жазда жел долданып әрі ысып,
Екі орта елге мұң шаққанын.
Білуші ек бұл екі дарияның
Толқынын теңіздер жұтқанын,
Қайығын ұрлап ап қарияның,
Бурлақтың көйлегін жыртқанын.
Білуші ек Октябрь кезінен
Екі өзен ел жүгін артқанын;
Қемелер жаңылмай ізінен
Алға тек жалғайтын арқанын.
Міне енді екі өзен қол созды
Біреуін біреуі сүйгелі;
Кездесіп далада колхозды,
Ақ бұйра бастарын игелі.
Жолдағы төбелер жоғалды,
Көк орман күзетті арнаны -
Сарқырап өмірге жол алды
Халықтың қашанғы арманы.