Бюрократияның пайда болу формалары:
- басқарудың сірескен, бірақ үйреншікті ұйымдық құрылымына, көп сатылы басшылыққа бейімділік;
- берекесіздіктен, тартыншақтықтан, инициативасыздықтан және жоғарыдан нұсқау күтуге дағдыланғандықтан жүйедегі шешімді ұзаққа созу;
- қарамағындағы адамдардың ұсақ-түйегіне дейін бақылау, олардың күнделікті қызметіне орынсыз араласу;
- қағазбастылыққа салыну, өзін сақтандыру мақсатында әрбір істелген істі құжатпен тіркеуі, іс-қағаздарын ұлғайту, жедел басшылықты баяулату.
Жоғарыда аталған жүйеден басқа мынадай стильдерді келтіруге болады:
- демогогикалық стиль – мінбеден ұрандап сөлегенімен, бірден не айтқаны туралы ұмытады;
- дистанциялық – мәселеге жақындамайды;
- мақсат қойғыш стиль – жалпы міндетті қойғанмен, орындау тәсілдерін ойластырмайды;
- интеграцияланған стиль - әркімнен ең таңдаулысын алады.
Қоғам қажетін өтеуге қызмет ететін ұйымдар, мәселен фирмалар алуан түрлі мінез-құлық стилін көрсетеді. Кәсіпкерлік және соған қарама-қарсы - өсімқорлық стиль деген де болады.
Өсімқорлық әрекет ұйым ішінде де, сондай-ақ одан тысқары қарым-қатынаста да дәстүрлі мінез-құлықтан шамалы ауытқуға бағытталған. Өсімқорлық бағыт көпшілік фирмаларда және де табыс бермейтін арнайы ұйымдарда – ауруханаларда, университеттерде т.б. байқалады.
Кәсіпкерлік бағыт өзгеріске мүлде басқаша қарайды: олар өзгерісті болдырмаудың, барынша азайтудың орнына, өзгеріс туғызуға ұмтылады. Пайда болған проблемадан болашақ мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді, жеке мәселелерді шешуден гөрі, ауқымды мәселелерді шешудің балама жолдарын іздестіреді. Кәсіпкерлік дегеніміз тиімділендірудің және қолайлы ресурстарды енгізудің жаңа салаларын іздестіру, жаңа үйлестірулерді енгізу, жаңа нарыққа қадам басу, өндірісте жаңадан үйлестіруді енгізу, жаңа өнімдер шығару, ойластыра отырып тәуекел ету.
Ұйымдық сипаттамаларды салыстырғанда байқалатыны, өсімқорлық ұйым кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыруға тиімсіз екендігі аңғарылады. Бір стильден екіншісіне өтуге ұзақ уақыт кетеді, қаржыны қажет етеді, психологиялық тұрғыдан да өте қиын, сол себепті билікті қайта бөлуге тура келеді.
Объективті жағдайларда (егер белгілі бір жұмыс учаскесі артта қалса, қажетті кадрлар жетіспесе т.б.) кейбір басшылар басқарудың нақты бір стиліне жүгінеді.
Алайда басқарудың нақты стилі субъективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады және де өндірістің қажеттілігінен пайда болмайды. Мұның өзі басшының жеке басындағы эмоциялық-психологиялық ерекшелікке, оның біліміне, тәжірибесіне, бұрынғы қызмет әрекетіне т.б. байланысты.
Сонымен нашар стиль жоқ – мәселе басшының стильдерді қандай ара қатынаста алатындығында, әрі оның шешімдерін қызметкерлері қаншалықты қабылдайтындығында. Жақсы нәтижені қамтамасыз ететіні ең тәуір стиль болып саналады.