Әкеміздің туған күніне сағыныш Туған күні бүгін біздің Әкеміздіңтірі болса арамызда әкем бүгін, барлығымыз жиналып бір тойлаушедікасқар таудай әкеміздің туған күнін

Скачать

"Әкеміздің туған күніне сағыныш"

Туған күні бүгін біздің Әкеміздің
тірі болса арамызда әкем бүгін,
барлығымыз жиналып бір тойлаушедік
асқар таудай әкеміздің туған күнін.

Келер еді сексен сегіз жасқа толып
ақ сақалды қариядай ата болып,
бірер жылда тоқсанға да жетушеді
асқар таудай әкемізде асыр салып.

Өмір бойы не көрмедің азаптанып
мың шұбырған өкіметтің малын бағып,
әу дегенде зейнеткерге шыққан кезде
Алла келіп әкеттіғой сені қағып.

Қос құлының он үш жаста сіз кеткенде
көзді ашып енді ғана ер жеткенде,
сұм ажал кеп әкеттіғой сізді бізден
Тоқсан бірдің кар еріген көктемінде

Әкетайым сағынамыз бір өзіңді
өзіңменен сонау өткен сол бір күнді,
ескаламыз ұмытпаймыз ешқашанда
күлімдеген жарқын сенің сол күлкіңді.

Немерең бар шөбереңмен Алла берген
сіз көрмеген қызығыңды солар көрген,
көрмеседе бір өзіңді кейбіреуі
сүйіп жүрғой суреттегі беттеріңнен.

Топырағың торқа болсын асыл әкем
қорғап жатшы ұрпағыңды аруағыңмен,
жапырағың көктеп жатыр тамырыңнан
немерең мен шөберең бар Алла берген.

Өтіп кетті өзіңсіз де талай жылда
уақыт неткен зырылдайды қас қағымда,
алғысымыз шексіз біздің өзіңізге
ғажайыптай мына өмірді сыйлағанға!!!

Ұлың
Ерік Еренғазыұлы.
25.01. .ж


Скачать


zharar.kz