Қатты күлді, әйелдерше күлді кеп

Скачать

Ләйләң қайда? - деді маған күліп күн,
Ләйләң қайда? - деді маған күліп түн.

Дүниенің көріп жүрген күллі елін
Көрдім маған күннің қатты күлгенін.

Қатты күлді, әйелдерше күлді кеп:
Сені тосып жүре ме ол, - деп, - үлбіреп?!

Құшағы бар аялайтын аялы,
Түн мүсіркеп, түн кеп мені аяды.

Аяды кеп, аялады күлмеді,
Қоңыр үнмен жұбатты кеп түн мені:

Мәңгі түнге жеткеніңше уақыт көп,
Күлкілі боп жүрісің де бақыт , - деп.

Аямайтын күн болып кел – бәрібір,
Аялайтын түн болып кел – бәрібір.

Сені, Ләйлә, қара көзді киелім,
Қайыспастан қара жерше сүйемін.


Скачать


zharar.kz