Ішіңе ойды басып журесің, Жолықпасақ деп қашып журесің

Скачать

Босатып мұңнан,санамды ашпайсың,
Іздеп те келіп амандаспайсың.
Қоңырау шалсам жауап бермейсін,
Ал өзің мүлдем хабарласпайсың.

Ішіңе ойды басып журесің,
"Жолықпасақ"деп қашып журесің.
Мен саған бір күй жақындай берем,
Сен менен ылғи қашық жүресің.

Бұлыңғыр боп тұр бүгінім анық,
Таппасам,қайтам бұрылып алып.
Дәлізге төбе көрсетпейсің де,
Аудиторияңа тығылып алып.

"Етікші білер етік бағасын",
Күн сайын мұңды етіп барасың.
Жасырын келіп сабаққа сосын,
Жатақханаңа кетіп қаласың.

Ұстатпай жүрген түнек елесім,
Тек қана сырттай күле бересің.
Қашанға дейін жарқанат құсап,
Жарыққа шықпай жүре бересің???


Скачать


zharar.kz