Шашыраған сәулесімен шуақты,
Тіл бітіріп, сылдыратып бұлақты.
Қарды ерітіп жылуымен алтын күн,
Көктем келіп, жылғалардан су ақты.
Бусанып жер ақ жамылғы көрпеден,
Жас талдар да бүршік жарып көктеген.
Бір ерекше көрініс бар көктемде,
Алмасқандай жер айналып көкпенен.
Құстар келіп қиқулатып салды әнін,
Бұл – мезгілдің келтірді әбден бар сәнін.
Сай-салада гүрілдеп судың даусы,
Жасыл кілем жапқандай жердің бетін.
Төлдеп түлік ақ молайды елімде,
Жусап жылқы жасыл жайлау жерінде.
Жерді жыртып, темір тұлпар дән егіп,
Еңбекшіл жұрт салып кетті егін де.
Күндер өтті бір-бірімен жалғасып,
Бәйшешектер жасыл желек қыр басы.
Наурыз айы алғашқы айы көктемнің,
Жаңа жылы, келді жаңа жыл басы!