—Қатын,
Есіттің бе сен?
— Жоқ.
— Тыңда, айтайын мен.
Кеше ауылнайға жолықтым.
— Не дейді?
— Айтқанынан қорықтым.
— Малды алатын болыпты.
— Қойшы әрі!
— Мырза екем де жолықты.
Қайдам, Қойбағардан шошынам.
— Неге?
— Бір сөз шығар осыдан.
Былтыр малды соған бөліп ем...
— Ендеше алды,
Айтқанын талай көріп ем.