Мен естіген көп адам
Өсіресе ақындар,
Тойған болып дүниеден,
Құрсын деп тұрмыс тақылдар.
Опасызын білген соң,
Неге сонда - ақ өлмелі.
Қиялмай көзі жүрген соң,
Несіне босқа сөйледі.
Тұрмыс деген тәңір атқан,
Ұйықтап жатқан айдаһар.
Оят - тағы аукызынан
Бақ дегенді барып ал.