М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Скачать

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мұнай және газ» институты атынан мектеп бітірушілер арасында, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында 18.02.08-22.02.08 ж аралығында Отырар ауданы мектептерінде МГИ профессор - оқытушылар құрамынан Қиықбаев Б.А., Карабаев Ж.А. болып қайтты.
Аталған іс-шаралар бойынша төмендегі мектептерде мектеп бітірушілермен кездесулер өткізіліп, оларға ОҚМУ-дың тарихы, қазіргі жағдайы және болашағы, дайындайтын мамандықтары жайлы айтылды. Сонымен қатар, «Мұнай және газ» институтында оқытылатын мамандықтар туралы да толық мағлұматтар берілді. Мектеп бітірушілерге биылғы қабылдау ережелері, олардың таңдалынатын мамандықтар бойынша тапсырылатын пәндер тізімдері айтылып, әр кездесу соңында қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. МГжПТ кафедрасының аға оқытушысы Ж.А. Карабаев ҚР 2015 - жылға дейінгі білім беру бағдарламасын дамыту туралы және БҰТ ережелері бойынша толық мәлімет берді. Мектептерге және аудандық оқу бөліміне плакаттар, брошюралар мен буклеттер сияқты жарнамалық қағаздар таратылды.
Кәсіби бағдар жүргізілген мектептер:
1. Жамбыл атындағы орта мектеп: 3 сынып - 64 оқушы;
2. Ш. Қалдаяқов атындағы орта мектеп: 4 сынып – 84 оқушы;
3. Ө. Жәнібеков атындағы № 4 мектеп-интернат: 2 сынып – 45 оқушы;
4. Ибрагимов атындағы орта мектеп: 2 сынып – 27 оқушы;
5. Темир атындағы орта мектеп: 3 сынып – 54 оқушы;
6. Әуезов атындағы орта мектеп: 3 сынып – 72 оқушы;
7. Уалиханов атындағы орта мектеп: 2 сынып – 52 оқушы;
8. Сатбаев атындағы орта мектеп: 1 сынып – 16 оқушы;
9. Муханов атындағы орта мектеп: 1 сынып – 13 оқушы;
10. Абай атындағы орта мектеп: 2 сынып – 44 оқушы;
11. Алтынсарин атындағы орта мектеп: 2 сынып – 49 оқушы;
12. Аманкелди атындағы орта мектеп: 2 сынып – 38 оқушы;
13. А. Дарибаев атындағы орта мектеп: 1 сынып – 12 оқушы;
14. Ерубаев атындағы орта мектеп: 1 сынып – 14 оқушы;
15. Қоғам атындағы орта мектеп: 2 сынып – 39 оқушы;

Кәсіби бағдар жүргізілген мектептердегі сынып оқушыларының тізімдері, таңдаған мамандықтары бойынша емтихан пәндері жайлы ақпарат қосымша кестелерде келтірілген.
Кәсіби бағдар беру жұмыстарының жалпы қорытындысы бойынша төртінші кәсіби пәнді таңдаған оқытушылар саны:
Физикаға - 156
Химияға - 13


Скачать


zharar.kz