Қашан таңым атып еді сағынбай

Скачать

Сағынасың дейсің бе?
Қашан таңым атып еді сағынбай?
Мен деп уайым жейсің бе?
Олай болса қалмадың ба жанымда-ай...

"Ойланасың"-дерсің ау,
Менің ойсыз қашан күнім батып ет?
Ойымның да ойлаушысы сенсің-ау,
Сенен өзге жүрекке кім жақын ет?

"Кешір мені!"-жүрегіңнің күбірі,
Деп естілді, өкініштен жанғаның,
Кешірген нес? Мен кешірмек түгілі,
Саған тіпті өкпелей де алмадым...

"Түсінерсің"-деп кете бардың тұрып сен,
Өз-өзіңді кінәлағыш боп алдың,
Түсіндім ғой...түсініп, сол түсінікпен,
Сенің ғазиз өміріңнен жоғалдым...


Скачать


zharar.kz