Ертеректе ер жүрегім,
Ізгі, еркін, ерке еді.
Бар үмітім, ен тілегім
Мәңгі сондай... көрік еді.
Елең, алаң күйде өскен,
Улы желге мас болып
Жас жүрегім танып естен,
Қайнайды қатты тас болып.
Күйді, қатты қара жер, тас,
Болды енді жібімес.
Алмас - алмас, найза батпас,
Отқа салса ерімес.