Жетердей болып едім тап ғарышқаЖаныма жақындауын жақындап апКеткенің не қымбаттым қатты алысқаДемеймін бізге қарап құнсыз жұп екҰстаған қолда кетер тілсіз гүл екҮндемей кетіп қалған сені ойласамҮндемей мұңаяды үнсіз жүрек

Скачать

Ол кезде жырсыз жүр ек үнсіз жүр ек
Сезімді тапқан сен ең шын сүзгілеп
Үміттің құба таңын атырғансың
Қымбаттым ұнатамын бір сізді деп

Әлі есімде сәулесі ақ таңдардың
(Тек мен ғана өзімді тәтті алдармын)
Достарыма көрсетіп суретіңді
Мынау менің қызым деп мақтанған күн

Қуаныш па білмедім мақтаныш па?!
Жетердей болып едім тап ғарышқа
Жаныма жақындауын жақындап ап
Кеткенің не қымбаттым қатты алысқа

Демеймін бізге қарап құнсыз жұп ек
Ұстаған қолда кетер тілсіз гүл ек
Үндемей кетіп қалған сені ойласам
Үндемей мұңаяды үнсіз жүрек...


Скачать


zharar.kz