Оқысаң өнер-білім қайнап тұрған,
Айнала алтын сәуле жайнап тұрған,
Жасырын жаратылыс сырын шешіп,
Жол ашық, төрт құбылаң сайрап тұрған.
Бауырлас барлық ұлттың балалары,
Даналық, социалистік алған нәрі,
Адымы күн-күн сайын алға өрлейді,
Күннен де жарық дейді жердің шары.
Алдыңнан сәулелі нұр төгіледі,
Миуа ағаш мың түрленіп егіледі,
Тұрмысқа социалистік жеткен үшін,
Машина ат орнына жегіледі.