Досқара батыр (18 ғасырдың ортасы, Солтүстік Қазақстан облысы,Жамбыл ауданы,Марқаш соры көлінің жағалауы - 19 ғасырдың 30- жылдары) - батыр. Орта жүз құрамындағы ашамайлы керей тайпасының көшебе руынан шыққан. Әкесінің есімі - Байкісі. Оның қос батыр атанған Есқара, Досқара есімді екі ұлы да 1770-71 жылы болған соңғы қазақ-қалмақ соғыстарына қатысқан Досқара батыр сондай-ақ 18 ғасырдың соңғы ширегінде Батыс Сібірде Ресей отаршылдарына қарсы күреске белсене қатысып, ерлігімен көзге түскен. Досқара батырдың ерлігін Жанкісі, Шал ақын, Жанақ ақын, Көтеш, Салғара, т.б. өз жырларына арқау еткен. Досқара батырмен замандас Көшен Бауыржанұлы Досқара батыр жырында оның батырлыгымен қатар күйшілік өнері болғанын да айтады. Кер жорға, Қызыл нар, Жаралының зары атты күйлері жазып алынбағандықтан, халық арасына көп таралмаған