Ұлылар бар жүрегімен ұғысқан...
Абай Құнанбайұлы мен Жамбыл Жабаев – замандас ақындар. Сондықтан болар, бір-бірімен тығыз байланысты. Екі ойшыл да шығармаларындағы ең басты тақырып – халық жайлы ерекше жыр толғайды. Қазақ поэзиясының алыбы атанған Жамбыл мен қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл Абайдың арасында қаншама ортақ ерекшеліктер бар. Екі ғасырдың куәсі болған Жамбылдың жасына Абай жетпегенмен, замандасы секілді ұлы көтерілістер мен соғыстың куәсі болмаса да, ол өзі өмір кешкен ғұмыры бойына өз заманының қатігез басқыншыларын, халықты қанаған жауыз отаршылдардың езгісін көрген болатын. Жамбыл:
Мынау тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең-сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Қарсы келер Абайдың кім бетіне!-дей отырып, Абай құдіретін басқалардан ерекше мойындап, Абай шығармаларынан нәр алған. Мұхтар Әуезов Абай жайлы Абай үні, Абай лебі, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні дейді. Ал Жамбылға Жетісу ақындарының алтын діңгегі деп баға береді. Міне, осыдан біз Абай мен Жамбылдың бүкіл халыққа, әріптестеріне, ұрпақтарына үлгі тұтарлық, сыйлы да қадірлі жандар болғанын ұғынамыз.