Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары
“Аудиторлық қызмет көрсету” ұғымына Республикалық және территоиялық аудиторлар палаталары, аудиторлық фирмалар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді. ҚР “Аудиторлық қызмет туралы” заңға сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы тәуелсіз “бейүкіметтік”, қоғамдық, коммерциялық кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыру ұйым болып табылады. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді және мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының заңдарында тайым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.
Дудиторлық ұйымның құрамындағы аудитордың саны кемінде екі адамнан құралуға тиіс. Оның жарғылық капиталында аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес кенінде 51% болуға тиіс (11,5-б.).
Аудиторлардың республикалық және территориялық палаталары аудит процедурасын біріздендіруге (унификация),жетілдіруге және дамытуға үлестерін қосу керек. Алудит,бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау салаларындағы стандарттар мен ұсыныстарды сараптаумен қатар олар аудиторлық фирмалар мен аудиторлардың қызметтерін үйлеслестіру функциясын орындайды, олардың қоғамдық этикалық нормаларын анықтайды, аудиторлардың біліктілігін арттыру, аудиторлық қызметтің нарығын зерделеу, аудиторлық фирмалармен аудиторлардынормативті құжаттармен қамтамасыз ету, оларға аудиторлық істі ұйымдаструда кеңесберушілік- әдістік көмек көрсету бойынша шараларды қарастырады.
Нарықтық экономикаға көшу барысында аудиторлық қызметтерді құрдың қарқынын жеделдетіп, олардың жұмыс әдістерін жетілдіру аса маңызды. Бұл өндіріс пен шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметін басқарудың көптеген салаларында экономикалықпроблемаларды шешудегі дәрменсіздіктерді жылдам еңсеруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында аудиттік пайда болуы мен қалыптасуы Қаржы министрлігінің БТБ (Бақылау-тексерубасқармасы) жанына шаруашылық есептегі тексеруші топ ұйымдастырылған 1989 жылдан басталады. Содан кейін оның негізінде 1990 жылдың 15-ші ақпанындағы ҚазССР Министрлер Кеңесінің №60 қаулысына сәйкес республиканың Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық бөлімдерімен “Қазақстанаудит” атты шаруашылықесептегі аудиторлық орталық құрылды. 1992 жылдан бұл кәсіпорын жеке меншіктің барлық ұймдарғы аудиторлық қызмет көрсететін аса ірі дербес акционерлік компания айналды.
1993 жылдың 18-ші қазанда Жоғарғы Кеңес “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы”бірінші заңын қабылдады, ал 1994 жылдың 6-шы мамырында елдегі аудиторлардың 1 съезінде аудиторлар палатасының Жарғысы тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта елімізде 100-ден астам аудиторлық фирмалар мен 3000-нан астам маман жұмыс істейтін тәуелсіз жеке кәсіпорындар әрекет етеді. Келешекте аудиторлық істің мамандарына деген қажеттілік арта түседі. Аудиторлардың Республикалық Палатасынаң есебі бойынша еліміздегі аудиторлық қызметпен айналысатын қызметкерлерлердің саны шамамен 30 мыңдай адамды құрауы керек. Нарықтық өзара қарым-қатынасқа сәйкесетін нормативті-құқықтық актілерді әзірлеп қабылдау-аудиторлық істің келешекте дамуы дұрыс анықтауға және біздің елімізге аса ірі халықаралықаудиторлық компаниялардың көптеп келуіне ықпалын тигізеді