Алматы жоғары жалпыкомандалық әскери училищесін (1980), ҚР ҚК әскери академиясын (2001) бітірген

Скачать

Шанбаев Шерімхан Оралханұлы (5.12.1958 жылы туылған, Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгер қаласы) - әскери қайраткер, генерал-майор. Алматы жоғары жалпыкомандалық әскери училищесін (1980), ҚР ҚК әскери академиясын (2001) бітірген. 1980-95 жылы Солтүстік Кавказ, Түркістан, Орта Азия әскери округтерінде қызмет етіп, Ауғанстанда взвод командирі, шабуылдаушы десантшылар ротасы командирінің орынбасары, батальон командирі, Оңтүстік Қазақстан ДОСААФ комитетінің төрағасы болды. 1995 жылдан ҚР ИМ ІӘ қызмет атқарды. Батыс бригаданың (Орал) командирінің орынбасары - штаб бастығы (1995-97), полк командирі (1997-2001), Батыс бригаданың (2001-03), Солтүстік бригаданың (Петропавловск, 2003-04) командирі болды. 2004 жылдан Оңтүстік бригаданың (Алматы) командирі. Шанбаев КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызметі үшін орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.


Скачать


zharar.kz