1.Секцияның қауіпсіз жұмыс істеуі квалификацияға және қызмет істеуші персоналдың ұқыптылығына , сонымен қатар техника қауіпсіздігі талаптарын, Госгортехнодзор ережелерін, технологиялық режим нормаларыин қатаң сақтаумен байланысты.
2.Секцияда жұмыс істеуге тек инструктаждан, теориялық және практикалық оқудан өтіп, емтихан тапсырнып жұмыс орнына рұқсат алған адамдар ғана жіберіледі.
3. Жұмыс орындары өндірістік инструкциямен, техника қауіпсіздігі бойыкша инструкциямен қамтамасыз етілуі қажет.
4. Тексеруден өткен қондырғы, комуникация , арматура, КИПиА приборларында ғана жұмыс жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
5. Қондырғы және бақылау приборлары және автоматика, дабыл қағу жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін үнемі бақылап отыру қажет.
6. Қондырғылар территориясы мен жайдың газданып кеипеуінен сақтану қажет.
7. Жарылғанға дейінгі конструкцияның дабыл қаққыштардыңи жұмысын бақылап отыру қажет.
8. Қажет болған жағдайда, апаттық жағдайда манитордан электроқондырғының жеке топтарын дистанциялық ажыратуға болады.
9. Қорғаныш клапандарының жұмысын үздіксіз ьақылап отыру қажет.
10. Барлық өндірістік жайларда желдеткіштер жөнделген және үздіксіз жұмыс істеуі қажет.
11. Үлгілерді балу гермитикалық үлгі алғыштар көмегімен арнайы вентильдерде іске асырылуы жет.
12. Күюден сақтану үшін барлық аппараттар мен құбыр өткізгіштердің жылуизоляциясы, 60С0 жоғары, тексерілуі қажет.
13. Барлық технологиялық қондырғылар ашық ауданда орналасқан, ол қауіпсіз шарттар мен оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
14. Қысқы уақытта бу жүйелерінің, су желілерінің күйінің жұмысын үздіксіз бақылап отыру қажет.
Өндіріс қауіпсіздігінің міндеттемесі.
1. Берілген өндіріс өрт және жарылу қауіпті өндіріс болып табылады. Қондырғының өрт және жарылу қауіпсіздігін анықтайтын өнімге С1-С4 көмірсутекті газдары, сонымен қатар тез жанатын бензинді фракция жатады,т олар жанып, ашық отта жарылыс беретін қоспалар түзеді.
2. Секция 2,5мПА дейінгі жоғары қысымды және 1500С дейінгі темпернатураны пайдаланумен сипатталады.
3. 3. Газ фракциялау секциясы жұмысшылардың денсаулығына зиянды өндіріске жатады, өйткені бұл өндіріс адам организіміне улы әсер ететін өнімдер алумен байланысты, сонымен бірге ауыр көмірсутектер сілекейлі қабықтың қабыныуына әкеледі.
Сілтінің ұзақ әсері тері – дерматит ауруын туғызады.
4. Қондырғы ең қауіпті орындар :
- Лабараториялық анализге үлгі алынатын орындар;
- Ашық насосты орындар
- 2,5мПА дейін және 1500С температураға дейін жұмыс істейтін колонналар;
- Өндіріс канализациясы және айналмалы су құдықтары, мұнда көмірсутекті газдар жиналуы мүнкін;
5. Апаттық жағдайларға әкелетін негізгі себептер:
- технологиялық режимнің бұзылуы;
- Қондырғының, коминикацияның, арматураның, КИПиА приборларының дұрыс жұмыс істелуі істен шығуы;
- Мұнаай өнімдерінің құйылуы және төгілуі;
- Қондырғы территориясындағы газдану;
- Қорғаныш клапандары мен факельді сызықтың дұрыс жұмыс іселуі;