Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Дене шынықтыру
1-сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
2
Мазмұны
1-тоқсан 4
1-бөлім Денсаулық мағынасын түсіну және түю 4
2-бөлім Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар 11
2-тоқсан 18
3-бөлім Шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау арқылы гимнастикалық жаттығулар 17
4-бөлім Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары 24
3-тоқсан 28
5-бөлім Ойын арқылы қозғалыс дағдыларын үйрету 28
6-бөлім Қозғалмалы ойындар арқылы қимыл-тірек аппаратын дамыту 36
4-тоқсан 44
7-бөлім Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар 44
8-бөлім Салауатты өмір салтын қалыптастыру 49
3
1-тоқсан
1-бөлім Денсаулық мағынасын түсіну және түю
Тақырып
Қауіпсіздік ережесі
Оқу мақсаты
1.3.4.1 Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезіндегі қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындау барысында
туындайтын тәуекелдер мен қиындықтарды атайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Гимнастикалық қабырғамен өрмелеу жаттығуларын орындау барысында туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді ата.
Дескриптор Білім алушы
өрмелеу барысында туындаған қиындықтарды атайды;
жаттығуды орындауға қатысты тәуекелдерді айтады.
4
Тақырып
Дене тәрбиесі дегеніміз не
Оқу мақсаты
1.3.1.1 Денсаулық туралы жалпы түсінік алу,
дене
белсенділігін ұғыну
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Денсаулық, дене белсенділігі ұғымдарын
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Суреттегі іс-әрекеттерді денсаулық ұғымымен байланыстырып әңгімеле.
Жұпта талқыла. Дене белсенділігі дегенді қалай түсінесің?
Дескриптор Білім алушы
суреттерге сүйене отырып, денсаулық ұғымын сипаттайды;
жұпта талқылайды;
дене белсенділігі ұғымын түсіндіреді.
5
Тақырып Күн тәртібі және таңғы жаттығу, серігу
Оқу мақсаты 1.3.2.1 Жаттығуларды орындау кезінде денені ширатып,
шынықтырудың маңызын сипаттайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денені ширату және босату жаттығуларының
маңызын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Суретте көрсетілген денені ширату және босату жаттығуларын орында.
Дене жаттығуларының ағза үшін қандай пайдасы бар? Топта талқыла.
Дескриптор Білім алушы
дене жаттығуларын орындайды;
денені ширату жаттығуларын анықтайды;
денені босату жаттығуларын анықтайды;
денені ширатудың және босатудың маңызын сипаттайды.
6
Тақырып Күн тәртібі және таңғы жаттығу, серігу
Оқу мақсаты 1.3.3.1 Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы
физикалық өзгерістерді анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындау барысында байқалған
дене өзгерістерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Жұбыңмен Әтештер шайқасы ойынын ойна. Бір-біріңе ағзадағы өзгерістер туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
ойын шартын сақтап ойнайды;
өз денесінде болған өзгерісті айтады.
7
Тақырып Жүру және жүгіру
Оқу мақсаты 1.1.2.1 Негізгі дене қозғалыстарын және олардың
қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
• Негізгі дене қозғалыстарын атайды және олардың
дене жаттығуларымен байланысын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Суреттерді сөздермен байланыстыр. Дене қозғалыстарын ата.
Дескриптор Білім алушы
берілген сөздерді тиісті суреттермен байланыстырады;
суретте көрсетілген дене қозғалыстарын атайды.
8
Тақырып Секіру және лақтыру
Оқу мақсаты 1.1.1.1 Қарапайым дене жаттығуларын орындауда негізгі
қимыл-қозғалыс машықтарын біледі, жасай алады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қарапайым дене жаттығуларын орындауда
қозғалыс икемділігін сақтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Топтық жұмыс. Топпен бірге қарапайым жарыстардың біреуіне қатыс.
Дене жаттығуларын орындауда жасалған қозғалыс түрлерін ата.
Дескриптор Білім алушы
допты нысанаға басынан асыра лақтыруды орындайды;
белгіленген арақашықтыққа жүгіреді;
ұзындыққа секіруде бас пен кеуденің қалпын сақтайды;
жіппен секіруде қол мен аяқ үйлесімділігін ұстайды;
қозғалыс түрлерін атайды.
9
Тақырып Секіру және лақтыру
Оқу мақсаты 1.3.5.1 Дене қимылдарына қатысу мүмкіндіктерін
анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене қимылдарына қатысу үшін ескерілетін
жағдайларды атайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Саған спорттың қай түрі ұнайды? Спорт түрін таңдау үшін нені ескеру керек? Жұпта ой бөліс.
Дескриптор Білім алушы
спорт түрлерін ажыратады;
спорт түрін таңдауда ескерілетін жағдайларды атайды;
өзінің жеке мүмкіндіктерін анықтайды және түсіндіреді.
10
2-бөлім Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар
Тақырып Рөлдік-сюжеттік қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты 1.2.8.1 Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде
өзінің рөлін және басқаларының рөлін біледі, тани бастайды, айырмашылықтарды құрметтейді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуындағы рөлдердің айырмашылығын
анықтайды және сақтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Аңшылар мен үйректер ойынын ойна.
Әр рөлдегі ойыншының әрекетін сипатта.
Дескриптор Білім алушы
ойын барысында өз рөлін орындайды;
рөлдер арасындағы айырмашылықты анықтайды;
аңшының рөлін сипаттайды;
үйректің рөлін сипаттайды.
11
Тақырып Бірқатар қимыл-қозғалыс дағдыларын
Оқу мақсаты 1.1.2.1 Негізгі дене қозғалыстарын және олардың
қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
• Негізгі дене қозғалыстарын атайды және олардың
дене жаттығуларымен байланысын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Негізгі дене қозғалыстары мен қарапайым дене жаттығуларының айырмашылығы неде? Түсіндір.
Тағы қандай дене қозғалыстары мен дене жаттығуларын білесің? Мысал келтір.
Дескриптор Білім алушы
негізгі дене қозғалысы мен қарапайым дене жаттығуларының айырмашылығын түсіндіреді;
негізгі дене қозғалысы мен қарапайым дене жаттығуларының байланысына мысал келтіреді.
12
Тақырып
Шағын және жұптасып қарым-қатынас жасау дағдылары
Оқу мақсаты
1.2.2.1
Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше
қалай жұмыс істеу керек екендігін біледі
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Нәтижеге қол жеткізу үшін орындалатын
әрекеттерді атайды
Ойлау дағдыларының
Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Мақсатына жету үшін спортшылардың бойында қандай қасиеттер болу керек? Оған қандай жолдармен қол жеткізуге болады?
Сен спорттың қай түрімен айналысасың немесе айналысқың келеді? Мақсатыңа жету үшін қандай әрекеттер жасайсың?
Дескриптор Білім алушы
спортшыларға тән қасиеттерді атайды;
мақсатқа қол жеткізу жолдарын түсіндіреді;
өз мақсатына қол жеткізу үшін қандай әрекеттер жасайтындығын айтады.
13
Тақырып Дене тәрбиесінің пайдасы
Оқу мақсаты 1.2.1.1 Дене қызметін орындау және оған қатысу кезінде
қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын білу және түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындауға қатысты идеялар
мен жоспарлар ұсынады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жұптық жұмыс.
Суреттерге мұқият қара. Берілген жаттығуларды орындауға қатысты ойын шартын құрастыр. Жұпта ойын шартын бекіт және ат қой. Өзге жұптан өздерің құрастырған ойын шартын өзгертуді өтін.
Дескриптор Білім алушы
суреттер бойынша ойынның нақты шартын бекітеді және ат қояды;
ұсынылған идеяны өзгертеді немесе жалғастырады.
14
Тақырып Рөлдік-сюжеттік қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты 1.2.3.1 Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы
оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, кеңістік, ресурстар мен идеяларды білу және бөлісу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындауға қолайлы кеңістік
пен ресурстарды анықтайды және идеяларымен
бөліседі
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
1. Суретке мұқият қара. Эстафетада жеңіске жету үшін оқушылардың бойында қандай қасиеттер болу керек? Оған кеңістік пен ресурстарды бөлісудің тигізетін әсері бар ма? Болса қандай? Әңгімеле. Эфтафеталық ойынға қатыс.
Дескриптор Білім алушы
эстафеталық ойындарға қажетті ресурстар мен кеңістікті сипаттайды;
кеңістік пен ресурстарды бөлісудің тигізетін әсерін айтады.
Топтық жұмыс.
2. Сурет бойынша кеңістік пен ресурстарды бөлісу туралы пікір айт. Топта ойынның шартын құрастыр және ойынға қатыс.
15
Дескриптор Білім алушы
қажетті кеңістік пен ресурстарды бөлісу туралы пікір айтады;
ойын шартын құрастыруға қатысты идеясымен бөліседі.
Тақырып Бірқатар қимыл-қозғалыс дағдылары
Оқу мақсаты 1.3.5.1 Дене қимылдарына қатысу мүмкіндіктерін
анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене қимылдарына қойылатын талаптарды атайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Әр суретке қатысты сөздерді анықтап, байланыстыр.
Сен айналысатын спорт түрі қандай қасиеттерді талап етеді? Сол туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
әр суретке қатысты сөздерді анықтайды және байланыстырады;
өзі айналысатын спорт түріне қойылатын талаптарды атайды;
өзінің мүмкіндіктері туралы әңгімелейді.
16
2-тоқсан
3-бөлім Шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау
арқылы гимнастикалық жаттығулар
Тақырып Қауіпсіздік ережесі
Оқу мақсаты 1.3.4.1 Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде
қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындау барысында
туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді
анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Гимнастикалық орындық үстінен еденге секіріп түсу және жүрелеп отырып, алдыға қарай домалау жаттығуларын орында.
Жаттығуды орындау барысында туындауы мүмкін қиындықтар мен тәуекелдерді ата.
Дескриптор Білім алушы
жаттығуды талапқа сай орындайды;
секіру барысындағы қиындықтарды атайды;
домалау кезіндегі қиындықтарды атайды;
жаттығуды орындауға қатысты тәуекелдерді айтады.
17
Тақырып Сымбат және үйлестіру
Оқу мақсаты 1.3.2.1 Жаттығуларды орындау кезінде денені ширатып,
шынықтырудың маңызын сипаттайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денені ширату және босату жаттығуларының
маңызын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суретте бейнеленген жаттығуларды орында. Бұл жаттығулар топтамасы қалай аталады?
Денені ширату және босату жаттығулары қандай мақсатта орындалады? Түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
берілген жаттығуларды орындайды;
жаттығулар топтамасын атайды;
денені ширату жаттығуларының пайдасын айтады;
денені босату жаттығуларының қажеттілігін түсіндіреді.
18
Тақырып Бірқатар гимнастикалық фигуралар үйрену
Оқу мақсаты 1.1.2.1 Негізгі дене қозғалыстарын және олардың
қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
• Негізгі дене қозғалыстарын атайды және олардың
дене жаттығуларымен байланысын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Тапсырма
Суретте дене қозғалысының қай түрлері бейнеленген?
Суретте көрсетілген дене жаттығуларын орында.
Негізгі дене қозғалысы мен қарапайым дене жаттығуларының байланысы туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
дене қозғалысының түрлерін атайды;
көрсетілген дене қозғалыстарын орындайды;
дене қозғалысы мен дене жаттығуларының байланысын әңгімелейді.
19
Тақырып Қарапайым гимнастикалық снарядтарда қозғалу
Оқу мақсаты 1.1.5.1 Түрлі кеңістіктерде бірқатар қарапайым іс-
қимылдарды біледі және орындай алады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кеңістікте орналасқан жабдықтарда қарапайым іс-
қимылдарды орындайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Әртүрлі гимнастикалық жабдықтарда орындалатын қарапайым қимыл-қозғалыстарды орында.
Дескриптор Білім алушы
дене қозғалысы барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды;
кеңістіктегі түрлі жабдықтар арқылы қарапайым іс-қимылдарды орындайды.
20
Тақырып Қарапайым гимнастикалық снарядтарда қозғалу
Оқу мақсаты 1.1.4.1 Қозғалыс машықтары бойынша өзінің күшті
жақтарын және кемшіліктерін сипаттай біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қозғалыс машықтарына қатысты өз
бойындағы күшті және әлсіз жақтарды сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Эстафеталық жарыс ойындарына қатыс.
Саған қай жаттығуды орындау оңай, қайсысы қиын болды? Жұбыңмен талқыла.
Дескриптор Білім алушы
орындалған жаттығудағы қозғалыс түрлерін атайды;
орындалған жаттығуларға қатысты өзінің жақсы және әлсіз жақтарын айтады.
21
Тақырып Сенің жеке физикалық мүмкіндіктерің
Оқу мақсаты 1.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз
бетінше қалай жұмыс істеу керек екендігін біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
• Нәтижеге қол жеткізу үшін орындауға тиісті
әрекеттерді атайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жұптаса отырып, суретте бейнеленген жаттығуды орындап көр. Бұл жаттығуда қарсыласты жеңу үшін қандай қасиет басым болу керек? Түсіндір.
Күштілікті қалыптастыру үшін қандай жаттығулар орындау керек? Суреттердің көмегімен жасап көр.
Дескриптор Білім алушы
қарсыласты жеңу үшін қажетті қасиеттерді атайды;
күштілікті қалыптастыруға бағытталған жаттығулар түрін көрсетеді.
22
Тақырып Сенің жеке физикалық мүмкіндіктерің
Оқу мақсаты 1.2.5.1 Өзінің шығармашылық тапсырмаларының күшті
жақтарын және жақсартуды қажет ететін жақтарын іздейді және бақылайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бақылау арқылы өзінің шығармашылық
жұмыстарының жақсы және осал тұстарын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суреттегі кейіпкерлер қандай қалыпты көрсетіп тұр? Спорттың қай түрлері тепе-теңдікті сақтауды талап етеді?
Тепе-теңдікті сақтау жаттығуларын орында. Өзгелердің орындауын бақыла. Орындаудағы жақсы жақтарды және жақсартуды қажет ететін тұстарды анықта. Ойыңмен бөліс.
Дескриптор Білім алушы
тепе-теңдікті сақтауды талап ететін спорт түрлерін атайды;
суреттегі кейіпкерлердің қалпын көрсетеді;
бақылау нәтижесі бойынша жұмыстың жақсы және осал жағын анықтайды.
23
4-бөлім Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары
Тақырып Қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін таныстыру
Оқу мақсаты 1.2.7.7 Дербес және топтық қызметті орындау кезінде өзара
қалай әрекет етуді біледі. Патриоттықтың неге негізделгенін түсінеді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жеке және топтық жаттығуларды орындауда
ұжымдық әрекетті көрсетеді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Сыныптастарыңмен бірге Теңге ілу ойынын ойна.
Ойын шарты:
Ойынға қатысушылар тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбық атқа мінеді. Ойын басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салынады. Бастаушының белгісі бойынша әр топтың бір ойыншысы шыбық аттарымен шауып келіп, шұңқырдағы тасты іліп алып, қайта шауып кетуі тиіс. Келесі ойыншы ары қарай жалғастырады. Ұпай топтың іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.
Ойын барысындағы топтық әрекетті сипатта.
Дескриптор Білім алушы
ойынның шартын сақтайды;
топ мүшелерімен бірге ойынға қатысады;
ойын кезіндегі топ мүшелерінің әрекетін сипаттайды.
24
Тақырып Қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін таныстыру
Оқу мақсаты 1.3.5.1 Дене қимылдарына қатысу мүмкіндіктерін
анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене қимылдарын орындауға қатысты
мүмкіндіктерді сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Ойын түрлерін ата.
Сен қандай спорт түрімен айналысасың? Ол қандай дене қимылдарын талап етеді?
Дескриптор Білім алушы
суретте бейнеленген ойын түрлерін ажыратады;
өзі ұнататын немесе айналысатын дене қимылдарын атайды;
айналысатын дене қимылына қатысты өз мүмкіндігін
сипаттайды.
25
Тақырып Қозғалмалы ойындар арқылы тарту
Оқу мақсаты 1.2.5.1 Өзінің шығармашылық тапсырмаларының күшті
жақтарын және жақсартуды қажет ететін жақтарын іздейді және бақылайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бақылау арқылы өзінің шығармашылық
жұмыстарының жақсы және осал тұстарын
анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Жұпта допты нысанаға дұрыс лақтыру жолын талқыла.
Суретте бейнеленген әрекеттерді орында.
Асық ату ойыны мен нысанаға лақтырудың байланысын сипатта.
Дескриптор Білім алушы
допты нысанаға лақтыру тәсілдерін сипаттайды;
өз жұмысының жақсы және жақсартуды талап ететін тұстарын айтады;
Асық ату ойыны мен нысанаға лақтырудың байланысын анықтайды.
26
Тақырып Қозғалмалы ойындар арқылы тарту
Оқу мақсаты 1.2.6.1 Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды
жеткізу үшін кейбір композициялық элементтермен танысады және пайдаланады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойын барысында сақталатын көңіл күйлер мен
эмоцияларды сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
1. Сыныптастарыңмен Жабайы аттар мен шабандоз ойынына қатыс.
Ойын шарты:
Кеңістіктің әр бұрышына түрлі-түсті шеңберлер қойылады. Әр шабандоз өз шеңберінің ортасында тұрады. Басқа оқушылар кеңістікте еркін қозғалып, жабайы аттар сияқты шоқырақтай жүреді. Белгі берілген кезде шабандоз кеңістіктегі аттарды қуады. Ұсталған атты өз шеңберінің ішіне апарады. Аттарды ұстау үшін шабандозға құм қапшық беріледі. Ойында ұсталған жылқыларының саны көп шабандоз ұтады.
Ойын барысындағы көңіл күйіңді сипатта.
Дескриптор Білім алушы
ойын ережесін сақтайды;
көңіл күйлері мен эмоцияларын сипаттайды.
2. Топтық жұмыс. Суреттерге мұқият қара. Балалардың іс-әрекеттерін сипатта.
Ойын шартын құрастыр және ат қой.
Дескриптор Білім алушы
бейнеленген іс-әрекеттерді сипаттайды;
ойын шартын құрастырып, ойынға ат қояды және қатысады.
27
3-тоқсан
5-бөлім Ойын арқылы қозғалыс дағдыларын үйрету
Тақырып Қауіпсіздік ережесі
Оқу мақсаты 1.3.4.1 Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде
қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындау барысында
туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді
анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Суретте қозғалыстың қай түрі бейнеленгенін ата.
Ұзындыққа секіруді орында. Жаттығуды орындауда туындаған қиындықтар мен тәуекелдерді сипатта.
Дескриптор Білім алушы
ұзындыққа секірудің кезеңдерін атайды, орындайды;
секіру кезіндегі қиындықтарды сипаттайды;
секіру кезіндегі тәуекелдерді анықтайды.
28
Тақырып
Дене белсенділігі кезінде жүрек соғысы және тыныс алу
Оқу мақсаты
1.3.3.1
Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы
физикалық өзгерістерді анықтайды
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Дене жаттығуларын орындау барысында байқалған
дене өзгерістерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Жүгіру және отырып жоғары қарай секіру, жұптағы тартыс жаттығуларын орындаған кездегі ағзада байқалған өзгерістерді сипатта.
Дескриптор Білім алушы
жүгіру және отырып жоғары қарай секіруді орындауда байқалған өзгерістерді сипаттайды;
жұптағы тартыс кезінде байқалған ағзадағы өзгерістерді анықтайды.
29
Тақырып Ойын - жеке физикалық қасиеттерді дамыту құралы
Оқу мақсаты 1.3.1.1 Денсаулық туралы жалпы түсінік алу, дене
белсенділігін ұғыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене белсенділігінің денсаулыққа тигізетін
пайдасын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суретте бейнеленген жүгіру түрлерін орында. Жүгірудің денсаулыққа тигізетін әсері қандай? Жұпта ой бөліс.
Қарапайым жүгіріс Аяқтың ұшымен Тізені жоғары Аяқты артқа
жүгіру көтеріп жүгіру көтеріп жүгіру
Дескриптор Білім алушы
жүгірудің денсаулыққа тигізетін әсері туралы айтады;
жүгіру түрлерін орындайды.
30
Тақырып Ойын - жеке физикалық қасиеттерді дамыту құралы
Оқу мақсаты 1.1.4.1 Қозғалыс машықтары бойынша өзінің күшті
жақтарын және кемшіліктерін сипаттай біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қозғалыс машықтарына қатысты өз бойындағы
күшті және әлсіз жақтарды сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Кіші допты көлденең нысанаға лақтыру жаттығуларын орында.
Екі қолмен Бастан асыра Кеуде тұсынан Нығыздалған (1кг)
төменнен лақтыру лақтыру лақтыру допты лақтыру
Лақтыру кезінде өз бойыңда байқалған күшті және әлсіз жақтарды сипатта.
Дескриптор Білім алушы
берілген жаттығуларды орындайды;
лақтыру кезінде өз бойында байқалған жақсы жақтары мен әлсіз тұстарды сипаттайды.
31
Тақырып Кеңістік динамикасы және қозғалыс
Оқу мақсаты 1.1.5.1 Түрлі кеңістіктерде бірқатар қарапайым іс-
қимылдарды біледі және орындай алады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кеңістікте орындалатын қарапайым тірек-қозғалыс
қимылдарын орындайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Ашық кеңістікте ойналатын “Бағдаршам” ойынына қатыс.
Ойынның шарты: Ойынға қатысушылар мұғалімнің көрсеткен белгілеріне сәйкес әрекеттер жасайды.
“жасыл” - кеңістікте жүгіру;
“сары” - бір орында баяу жүгіру;
“қызыл” - бір орында тұрып қалу.
Мұғалім ысқырықпен екі рет белгі бергенде, білім алушылар өздеріне ұнайтын дене қимылдарын орындайды.
Дескриптор Білім алушы
ойын ережесін сақтайды;
берілген белгіге сәйкес қимылдар жасайды;
өзіне ұнайтын дене қимылдарын көрсетеді.
32
Тақырып Құралдармен қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты 1.1.3.1 Дене жаттығуларының әр түрінде қозғалыстарды
орындау мәнмәтінінде уақыт, кеңістік, салмақ пен бірқалыптылық түсініктері туралы біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
• Уақыт, кеңістік, салмақ, бірқалыптылық
түсініктерін ескеріп, дене жаттығуларын ретімен
орындайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Кеңістікке арналған жаттығуларды орында.
Жұптасып уақытқа Салмағын көтеріп, Кеңістікте бірқалыпты
жүгіру тартылу жүру
Дескриптор Білім алушы
жұптасып жүгіруде уақытты сақтайды;
әртүрлі қозғалыстарды орындауда ескерілетін (кеңістік, салмақ, бірқалыптылық) жағдайларды сипаттайды.
33
6-бөлім Қозғалмалы ойындар арқылы қимыл-тірек
аппаратын дамыту
Тақырып Түрлі жаттығулар арқылы денені басқару дағдылары
Оқу мақсаты 1.3.4.1 Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде
қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындауда туындайтын
қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Қысқа секіртпемен жекелей секіру және жұптасып секіру жаттығуларын орында.
Жаттығуды орындау барысында туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді анықта.
Дескриптор Білім алушы
берілген жаттығуды жеке және жұптаса орындайды;
туындаған қиындықтар мен тәуекелдерді сипаттайды.
34
Тақырып Түрлі жаттығулар арқылы денені басқару дағдылары
Оқу мақсаты 1.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше
қалай жұмыс істеу керек екендігін біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
• Нәтижеге қол жеткізу үшін орындауға тиісті
әрекеттерді атайды
Ойлау дағдыларының Білу мен түсіну
деңгейі
Тапсырма
Суретке қара. Берілген жаттығуларды орындауға қатыс.
Кедергіден өрмелеп түсу Қапшықты басынан Бір аяқпен секіру
түсірмей доп
үстінен өту
Мұндай тапсырмаларды орындауда нәтижеге қол жеткізу үшін не істеу керек? Жұпта ой бөліс.
Дескриптор Білім алушы
берілген жаттығуларды орындайды;
нәтижеге қол жеткізу үшін орындалатын әрекеттерді анықтайды.
35
Тақырып Тірек қимыл жаттығуларын дамыту
Оқу мақсаты 1.2.8.1 Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде
өзінің рөлін және басқаларының рөлін біледі, тани бастайды, айырмашылықтарды құрметтейді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығуда өзінің және өзгелердің рөлін ұғынады
• Жаттығуларды орындауда рөлдер арасындағы
айырмашылықты анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Батпаққа түсіп кетпе ойынына қатыс. Ойынның шартын анықта. Әр рөлдегі ойыншының әрекетін сипатта.
Дескриптор Білім алушы
ойын барысында өз рөлдерін орындайды;
рөлдер арасындағы айырмашылықты анықтайды;
қуушы мен қашушының рөлін сипаттайды;
жұпта, топта бірлесе әрекет етеді.
36
Тақырып Тірек-қимыл жаттығуларын дамыту
Оқу мақсаты 1.1.4.1 Қозғалыс машықтары бойынша өзінің күшті
жақтарын және кемшіліктерін сипаттай біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қозғалыс машықтарына қатысты жақсы және
әлсіз жақтарын сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суреттегі қозғалыс жасауға арналған құралдарды ата. Бұл құралдардың қайсысын қолданып көрдің.
Саған қай қозғалысты орындау оңай, қайсысы қиын болды? Жұбыңмен бөліс.
Дескриптор Білім алушы
қозғалыс жасауға арналған құралдарды атайды;
құралдарды қолдануға қатысты өзінің жақсы және осал жақтарын айтады.
37
Тақырып Доппен ойын
Оқу мақсаты 1.2.3.1 Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы
оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, кеңістік, ресурстар мен идеяларды білу және бөлісу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындауға қолайлы кеңістік
пен ресурстарды анықтайды және идеяларымен
бөліседі
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
1. Суретке мұқият қара. Сурет бойынша тапсырманы орында. Кедергілерден өту үшін кеңістік пен ресурстарды бөлісудің тигізетін әсері бар ма? Жұбыңмен ой бөліс.
Дескриптор Білім алушы
сурет бойынша тапсырманы орындайды;
кеңістік пен ресурстарды бөлісудің тигізетін әсерін жұпта талқылайды.
2. Сурет бойынша ойынның шартын құрастыр. Кеңістік пен ресурстарды бөлісуге қойылатын талаптарды анықта.
Дескриптор Білім алушы
ойын шартын құрастырады;
қажетті ресурстарын атайды;
кеңістікті бөлісуге қойылатын талаптарды анықтайды;
өз идеясын өзгелермен бөліседі.
38
Тақырып
Доппен ойын
Оқу мақсаты
1.2.5.1
Өзінің шығармашылық тапсырмаларының күшті
жақтарын және жақсартуды қажет ететін жақтарын іздейді
және бақылайды
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Шығармашылық жұмыстарында өзінің жақсы және
осал тұстарын анықтайды
Ойлау дағдыларының
Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Допты нысанаға лақтыруды орында. Өзгелердің орындауын бақыла. Өз орындауыңмен салыстыр. Өз жұмысыңның жақсы және осал тұстарын анықта және сипатта.
Дескриптор Білім алушы
допты нысанаға дұрыс лақтырады;
өзінің орындауы мен өзгелердің орындауын салыстырады;
өзінің жақсы және осал тұстарын айтады.
39
Тақырып
Секіртпемен орындалатын ойындар
Оқу мақсаты
1.2.1.1 Дене қызметін орындау және оған қатысу кезінде қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын білу және түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Жаттығуларды орындауға қатысты идеяларды,
стратегиялар мен жоспарларды ұсынады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық жұмыс. Суреттерге мұқият қара. Жұпта ақылдаса отырып, әрқайсың бір суреттің ойын шартын құрастыр және ат қой. Жұбыңа әңгімелеп бер.
Екі ойынның шартындағы ұқсастықтар мен айырмашылықты анықта.
Дескриптор Білім алушы
сурет бойынша ойын шартын құрастырады;
ойын шарттарының ұқсастығы мен айырмашылығын атайды.
Тақырып Секіртпемен орындалатын ойындар
Оқу мақсаты 1.2.6.1 Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды
жеткізу үшін кейбір композициялық элементтермен танысады және пайдаланады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Белгілі бір қозғалыстағы көңіл күйді немесе
эмоцияны білдіретін композициялық элементтерді
анықтап, қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге қара. Композициялық элементтерді анықта және ойынға қатыс.
Дескриптор Білім алушы
композициялық элементтерді анықтайды;
ойынды әділ бәсекелестікте ойнайды;
көңіл күйлері мен эмоцияларын сипаттайды.
41
4-тоқсан
7-бөлім Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар
Тақырып Қауіпсіздік ережесі
Оқу мақсаты 1.3.4.1 Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде
қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығуларды орындауда туындайтын қиындықтар
мен тәуекелді анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Жаттығуларды орында және орындау барысында туындаған қиындықтар мен тәуекелдерді ата.
Дескриптор Білім алушы
қозғалыс түрін анықтайды және тапсырманы орындайды;
қарсыласу барысында туындаған қиындықтарды анықтайды;
тартысу кезіндегі тәуекелдерді сипаттайды.
42
Тақырып Ойын арқылы шығармашылық қабілеттер
Оқу мақсаты 1.2.8.1 Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде
өзінің рөлін және басқаларының рөлін біледі, тани бастайды, айырмашылықтарды құрметтейді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Іс-әрекеттерді орындау барысында өз рөлін және
өзгенің рөлін анықтайды, құрметтейді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Кеглиді көзде ойынын ойна.
Ойынның шарты:
Балалар екі топқа бөлініп, бірінің артынан бірі тізілген кеглилерге қарама-қарсы тұрады.
Олар кезектесе отырып, тізілген кеглилерді доппен көздеп құлатуы керек.
Дескриптор Білім алушы
ойын барысында өз рөлін орындайды;
жұпта, топта бірлесе әрекет етеді.
43
Тақырып Коммуникативті дағдыларын дамыту ойындары
Оқу мақсаты 1.1.2.1 Негізгі дене қозғалыстарын және олардың
қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
• Негізгі дене қозғалыстары мен қарапайым дене
жаттығуларының байланысын анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Негізгі дене қозғалыстары мен қарапайым дене жаттығуларының байланысын анықта. Айырмашылығын сипатта.
Дескриптор Білім алушы
негізгі дене қозғалыстары мен қарапайым дене жаттығуларының байланысын анықтайды;
айырмашылықтарын айтады.
44
Тақырып Комуникативті дағдыларын дамыту ойындары
Оқу мақсаты 1.2.4.1 Таңдалған дене жаттығуларын орындау кезінде
қарапайым ережелерді және құрылымдық тәсілдерді атап өтеді және пайдаланады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындау үшін қолданылатын ережелер мен тәсілдерді атайды және пайдаланады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Қасқыр мен қояндар ойынын ойна. Ойынның шартындағы ережелер мен ойнау тәсілін сипатта.
Дескриптор Білім алушы
ойын ережесін сақтап, әділ ойнайды;
ойынның ережесі мен ойнау тәсілін сипаттайды.
45
Тақырып Ойынға шығармашылық идеялар
Оқу мақсаты 1.2.5.1 Өзінің шығармашылық тапсырмаларының күшті
жақтарын және жақсартуды қажет ететін жақтарын іздейді және бақылайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кедергілерден өту арқылы орындалатын
жаттығуларды орындайды
• Жақсы және жақсартуды қажет ететін тұстарын
анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Кедергілерден өту арқылы орындалатын жаттығуларды орындауға қатыс.
Өзгелердің орындауын бақыла және өз орындауыңмен салыстыр, өз орындауыңдағы жақсы және жақсартуды қажет ететін тұстарды анықта.
Дескриптор Білім алушы
жаттығуларды орындауға белсене қатысады;
өз орындауының жақсы жағын айтады;
жақсартуды қажет ететін тұстарды анықтайды.
46
Тақырып Ойынға шығармашылық идеялар
Оқу мақсаты 1.2.6.1 Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды
жеткізу үшін кейбір композициялық элементтермен танысады және пайдаланады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Белгілі бір қозғалыстағы көңіл күйді немесе
эмоцияны білдіретін композициялық элементтерді
анықтап, қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Допты тордан лақтыр ойынын ойна.
Ойынның шарты:
Ойыншылар құрылған тордың екі жағына бөлініп тұрады. Допты тор арқылы бір-біріне лақтырып, жерге түсірмей қағып алып отыру керек. Мұғалім жерге түскен допты санап отырады. Добы көп рет жерге түскен топ жеңіледі.
Дескриптор Білім алушы
ойын ережесін сақтап ойнайды;
іс-әрекеттерді ойнау тәсілін пайдалана отырып, орындайды.
47
Тақырып Жеке қозғалыс белсенділігі
Оқу мақсаты 1.1.6.1 Қарапайым, өзгертілген дене жаттығуларын
орындау кезінде туындауы мүмкін тәуекелдерді және қиындықтарды біледі
Ойлау дағдыларының Білім алушы
деңгейі • Қарапайым жаттығуға енгізілген өзгерістегі
туындауы мүмкін қиындықтар мен тәуекелдерді сипаттайды
Бағалау критерийі Білу және түсіну
Тапсырма
Суретке қара. Жаттығуларды әртүрлі доппен орында.
Көлемі әртүрлі допты екі қолымен жоғары қарай лақтырып, қағып алу
Допты қабырғаға Кіші доппен жасалынатын жаттығулар
лақтырып, екі қолмен
қағып алу
Дескриптор Білім алушы
әртүрлі доптармен жаттығу жұмыстарын көрсетеді;
жаттығудың күрделілігін сипаттайды;
туындаған қиындықтарды атайды;
тәуекелдерді анықтайды.
48
8-бөлім Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Тақырып Ашық ауада физикалық қозғалыс
Оқу мақсаты 1.3.4.1 Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде
қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығуларды орындау барысында туындайтын
қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Сурет бойынша ойынның шартын сипатта. Тапсырманы орындау кезінде туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді анықта. Эстафеталық ойынға қатыс.
Дескриптор Білім алушы
жаттығуларды талапқа сай орындайды;
туындаған қиындықтар мен тәуекелдерді сипаттайды.
49
Тақырып Ашық ауада физикалық қозғалыс
Оқу мақсаты 1.3.1.1 Денсаулық туралы жалпы түсінік алу, дене
белсенділігін ұғыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денсаулық, дене белсенділігі ұғымдарын
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Тапсырма
1. Суретке қара. Күн тәртібі мен денсаулық ұғымын байланыстырып әңгімеле.
2. Суретке қарап, дене белсенділігі ұғымын түсіндір.
Жаттығулардың денсаулыққа тигізетін әсерін сипатта.
50
Дескриптор Білім алушы
Күн тәртібі мен денсаулық ұғымын байланыстырып әңгімелейді;
денсаулық, дене белсенділігі туралы ойын айтады;
спорттың денсаулыққа тигізетін әсерін сипаттайды.
Тақырып Жылдамдық, күш пен ептілік
Оқу мақсаты 1.1.3.1 Дене жаттығуларының әр түрінде
қозғалыстарды орындау мәнмәтінінде уақыт, кеңістік, салмақ пен бірқалыптылық түсініктері туралы біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
• Уақыт, кеңістік, салмақ, бірқалыптылықты дене
жаттығуларында ретімен дұрыс орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Уақыт, кеңістік, бірқалыптылық пен салмаққа байланысты қозғалыстарды анықта.
Суретте бейнеленген іс-әрекеттерді қамтитын эстафеталық жаттығуларды орында.
Дескриптор Білім алушы
уақыт, кеңістік, бірқалыптылықты сақтауды талап ететін қозғалыстарды анықтайды;
дене жаттығуларын орындауда уақытты ескереді.
51
Тақырып Секіруді дамыту үшін тапсырмалар
Оқу мақсаты 1.1.5.1 Түрлі кеңістіктерде бірқатар қарапайым іс-
қимылдарды біледі және орындай алады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кеңістікте орындалатын қарапайым іс-
қимылдарды орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Суретке мұқият қара. Суреттегі қозғалыс түрлерін ата. Суреттегі жаттығуды орында.
Дескриптор Білім алушы
қозғалыс түрлерін атайды;.
кеңістікте орындалатын іс-әрекеттерді орындайды.
52
Тақырып Эстафета және қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты 1.2.5.1 Өзінің шығармашылық тапсырмаларының күшті
жақтарын және жақсартуды қажет ететін жақтарын іздейді және бақылайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Эстафетаға қатысады және эстафеталық
жаттығулардың өзге нұсқаларын ұсынады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Топтық жұмыс.
Суреттерге мұқият қара. Суретке сүйеніп, доппен ойналатын эстафеталық ойынның шартын құрастыр. Ойынды ойна. Өз жұмыстарыңның жақсы және жақсартуды қажет ететін тұстарын анықта және өзгертулер енгіз.
Дескриптор Білім алушы
доппен ойналатын эстафеталық ойынның шартын құрастырады;
ойынның шартындағы жақсы және осал тұстарын анықтайды және толықтырады.
53
Тақырып Эстафета және қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты 1.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше
қалай жұмыс істеу керек екендігін біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
• Нәтижеге қол жеткізу үшін орындауға тиісті
әрекеттерді атайды
Ойлау дағдыларының Білу мен түсіну
деңгейі
Тапсырма
Жұптық жұмыс.
Сурет бойынша отырған қалыпта орындалатын жаттығуларды жасап көр.
Қай түрдегі жаттығуды орындау қиындық тудырды? Мұндай жаттығуларды орындауда жақсы нәтижеге жету үшін не істеу қажет?
Дескриптор Білім алушы
берілген жаттығуларды орындайды;
орындауда қиындық тудырған жаттығуды анықтап, нәтижеге қол жеткізу үшін орындалатын әрекеттерді атайды.
54