Алмағамбетова Айжан
№36 қазақ орта мектебі
математика пәні мұғалімі
Заманауи технологияларды сабақта пайдалану жолдары
Адамның ақыл ойының кеңейе түсуіне математиканың
тигізетін әсерін айтып жеткізу қиын.
Математика ой, ақыл, шегін кеңейтеді
О.Ә.Жәутіков.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына Жолдауында Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейіне көтерілу болып табылады делінген. Сонымен қатар, бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу қажеттігін баса айтты.
Сондықтан, елімізді дамытудың қазіргі әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлары және жоғары дамыған елдердің тәжірибесі білім берудің мазмұнын, әдістерін жаңарту және жетілдіру қажеттілігін тудырады.
Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын нәтижесін сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығын, яғни білім беру мазмұнын, оқу формасы мен әдістерін, материалдық техникалық базалары тағыда басқалары бойынша анықталады.
Сол себепті орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, қоғамды құрып дамытуға бар мүмкіндігін жұмсайтын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Әрбір оқушының тұлға ретінде қалыптасып дамуына математикалық білімнің үлкен үлесі зор.
Себебі, математика басқа ғылымдар саласының дамуының тірегі, қызметшісі, қоршаған ортаны білудің басты көзі. Дегенмен қазіргі уақытта оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығы төмендеп барады. Оқушылар қызығушылығының төмендеу себебін пәннің қиындылығымен түсіндіреді. Алайда осы мәселенің шешімін табатын біз – ұстазбыз. Мұғалім сабаққа дайындық барысында Қалай? Неге? Не үшін? деп жиі қойылатын сұрақтарға жауап бере алатын педагогикалық технологияларды тиімді пайдалана білу керек.
Осындай педагогикалық технологиялар өте көп, бірақ ең бастысы қолайлысын таңдап, жұмыс барысында тиімді, дұрыс қолдану.
Ал енді білім беру үрдісінде қолданыс тапқан заманауи технологияларға тоқталайық:
1. Ұжымдық оқыту технологиясы;
2. Ынтымақтастық педагогикасы технологиясы;
3. Білім беруді ізгілендіру технологиясы;
4. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;
5. Саралап оқыту технологиясы;
6. АКТ технологиясы;
7. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы т.б.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы:
Мақсаты: Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейңне қарай оқыту. Оқытуды оқушының әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Ерекшелігі:
Таланттылар өздерінің қабілеттілігі мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады;
Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады;
Білім дәрежесі бірдей топтарты оқыту ісі жеңілдейді.
Өз тәжірибемнен сабақ жоспарының үлгісі:
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Квадрат теңдеудің түбірлерін табу формулаларын есептер шығаруда қолдана білу, тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп жинақтау, жүйелеу. Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулердің түбірлерін табудың әр түрлі тәсілдерін тиімді қолдана білу.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділігін арттыру, тез шешім қабылдап, өз білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше еңбектенуге, ізденуге, шығармашылықпен шұғылдануға баулу
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп –саралап оқыту
Сабақтың түрі: Қайталау – толықтыру, біліктілік пен дағдыны игеру сабағы
Сабақтың типі: Жүйелеу сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, карточкалар, формулалар, кестелер, тест бағалау парағы
Сабақтың құрылымы: Сабақ төрт деңгейлік құрылымнан тұрады:
1. Оқушылық деңгей (ауызша, логикалық сұрақтар)
2. Алгоритмдік деңгей (математикалық лото ойыны)
3. Эвристикалық деңгей (деңгейлік тапсырмалар)
4. Шығармашылық деңгей (ҰБТ жинағынан есептер)
5. Қорытынды (тест)
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма
Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа қатысымын дайындығын, үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырма. Квадрат теңдеулер тарауын қайталау, ҰБТ есептер жинағынан квадрат теңдеулерді шешуге есептер іздеп,шығару
Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады
1 топ: Виет тобы
2 топ: Әль-Хорезми тобы
Топ жетекшілері өз топтарын бағалау парағында бағалап отырады.
Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек"
М.В.Ломоносов
I. Оқушылық деңгей: (ауызша логикалық сұрақтар)
Еске түсірейік
1. Мына теңдеулер қалай аталады?
а)
ә)
б)
в)
г)
д)
2. Дискриминант дегеніміз не?
3. Квадрат теңдеудің түбірлерінің саны қалай анықталады?
4. Дискриминант табу формуласы
5. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласы
6. Виет теоремасы және формуласы
7. Бөлшек рационал теңдеуді шешу
8. Биквадрат теңдеуді шешу
II. Алгоритмдік деңгей: Білім негізі – теорияда
Квадрат теңдеудің түрлерін анықтап, коэффиценттерін тауып, кестені
толтыру керек.
Математикалық лото ойыны
Ойлау қабілетіңді шыңда
Қандай теорема бойынша теңдеудің түбірлерін табуға болады?
Теңдеуі
Дұрыс шешімі
түбірлер
1
2
3
4
,
5
6
7
8
9
10
№
Квадрат теңдеулер
Келтірілген квадрат теңдеу
Келтірілмеген квадрат теңдеу
Толымсыз квадрат теңдеу
Толық квадрат теңдеу
а
в
с
1
2
3
4
5
6
III. Эвристикалық деңгей: ( Деңгейлік тапсырмалар)
Ел болашағы – білімді ұрпақ
Тақтаға шыққан оқушы өз қалауынша тапсырмаларды таңдайды және есептерді шығарып түсіндіреді
∆ - жеңіл тапсырмалар берілген
□ – орташа
Ο – күрделі
IV. Шығармашылық деңгей
Ізденген жетер – мұратқа
1) Теңдеулер тарихы туралы мәлімет.
2) Квадрат теңдеулер атты өлең.
3) Тесттер жинағынан ҰБТ-2010-2013 ж есептер шығару.
11-нұсқа (20),12-нұсқа (12), 3-нұсқа (12),19- нұсқа (12)
Келтірілген квадрат теңдеуді шешу формуласын қорытып
шығарған XVII ғасырда әйгілі француз математигі
Француа Виеттің құрметіне Виет теоремасы деп аталады.
Алгебраға жаңа мағына берген IX ғасырда өмір сүрген Орта
Азиялық ғалым Әл-Хорезми квадрат теңдеуді шешудің
қазіргі формуласын геометриялық тұрғыдан дәлелдеген.
V. Қорытынды: Біліміңді байқап көр (Тест)
VI. Бағалау: Бағалау парағы толтырылып, әр оқушы
білім деңгейіне қарай бағаланады
VII. Үйге тапсырма: Қайталау II тарау №368- 370