Ақтымбаева Данагүл 9 сынып
Әл-Фараби атындағы №145 мектеп
Жетекшісі: Тлеболдинова Н.Ы.
Қазақ тілі –қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Менің ана тілім
– шексіз бай, өте көркем тіл. Ана тілінің көркемдігін пайдалана алмаған адам, нағыз пақыр жан деп есептеймін. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Біздің тіліміз-ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, өз ата-мекенімізде жүргендіктен өз тілімізде сөйлеу-басты парызымыз. Тіл адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауының ең қымбат құралы. Тіл туралы бір сөйлеммен айтып беру өте қиын. Ол көп ізденісті, ана тілінің байлығын мәдениетті түрде меңгере білуді талап етеді. Қазақ тілі қазақ халқының тілі. Біздің мемлекеттік тіліміз -өз халқымыздың тарихын,тұрмысын, мәдениетін бейнелейді. Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие.
Еліміз егемендік алғалы ана тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Белгілі бір тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы оңай бола қалатын іс емес. Себебі, ол тіл сол мемлекеттің иесі болып отырған халықтың мүддесінен шығып,барлық саладағы мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт. Яғни, ол өнер, әдебиет, мәдениет, баспасөз, радио,теледидар, дипломатиялық қарым-қатынас,ғылым,өндіріс, ресми іс қағаздар және т.б салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қасиетті құралына айналуы керек.
Иә,тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті асыл қазына. Тіл байлығы-әр елдің мақтанышы. Ана тілі-ар өлшемі . Тілді шұбарлау-арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау, өз еліңді сыйламау. Осы орайда ақын Қадыр Мырзаәлінің:
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
-деген өлең жолдарын айта кеткім келеді. Бүгінгі күндерде ана тіліміз теңдігін алып, мемлекеттік тіл болса да, көпшіліктің арасындағы саңылауларға әлі де болса саналарына шамалы жетпей жатқаны жасырын емес. Қазір көптеген жастар тілін шұбарлап, өз тілінде тұрпайы сөйлеседі. Дегенмен, қазір мұның барлығы бірте-бірте ретке келіп жатыр деп ойлаймын.Өйткені,қазір қазақ мектептері көптеп ашылып жатыр.Саяси-танымдық бағдарламалардың көбісі қазақ тілінде жүргізіліп жатыр т.б.Осының барлығын көз көріп жүрген соң,болашақта қазақ тілінің қолданыс аясы кеңи түсетініне сенемін.
Қорыта айтқанда, әр халық өз тілінде сөйлеп, оны дамытуға , ұлттық дәстүрді сақтауға тиісті деп ойлаймын. Қазақ тілінің мәртебесі бұдан да жоғары деңгейге көтерілетініне мен кәміл сенемін. Қазақ елі мәңгілік болу үшін қазақ тіліне деген құрмет болу керек. Ұрпақ санасында тілге деген құрмет жүрекпен үндесу керек деп ойлаймын. Болашақ жастар үшін үкімет тарапынан көптеген игі іс-шаралар ұйымдастырылуда, біз соның куәсіміз. Кешегі Абай , Мағжан, Шәкәрім сөйлеген ана тіліме әрбір жас ұрпақ сеніммен қарау керек. Жеті жұрттың тілің меңгерсеңде, өз тіліңді туған анаңдай қастерле дегім келеді.Өйткені, тілдің өшкені - ол сенің өлгенің , ұлттың құрығаны деп білемін. Ұлтты сақтаймын десең, Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына енсін десең, тіліңді құрметте, шексіз сүй.
Жұбан Молдағалиев атамыз айтқандай: Мен- қазақпын қайта тудым өмірге қайта келдім, Мен –қазақпын, ерікті ұл азат қызбын, деп өз тілімде сөйлеймін , өз елімді құрметтеймін.
Санат: KZ портал Қазақша Рефераттар жинағы