Көкжөтел коклюш
Көкжөтел - демалу жолдары және орталық нерв жүйесінің зақымдануымен және булығып жөтелумен сипатталатын жұқпалы ауру.
Қоздырғышы-1996 жылы француз зерттеушісі Борде мен Жангу ашып зерттеген таяқша. Бұл микроб сырқы ортада төзімсіз-жоғары температурада, күн сәулесі және дезинфекциялаушы ерітінділер тез өлтіреді.
Эпидемиология:
1. Ауру көзі-ауру адам.
2. Таралу жол-ауа-сілекей жолы.
3. Сезімталдық -0-10 жас аралығы.
4. Маусымдылық-құз-қыс кезі.
5. Иммунитет-тұрақты.
Клиникасы:
1. Жасырын кезеңі 3 күннен 15 күнге дейін, орта есеппен 5-8 күнге созылады.
2. Катаральды кезең 1-2 аптаға созылады. Ауру біртіндеп басталады, әуелі құрғақ жөтелпайда болады, ол түнге қарай үдей түседі, баланың аздап дене қызуы көтеріледі, мұрны бітеді, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді, 1-2 жұмаға созылады.
3. Булықпа жөтел кезеңі-кенет басталады, бала терең дем алғаннан кейін бірнеше жөтел қимылдарын жасайды, бұл қимылдар бірінен кейін бірі ішіне алған ауа біткенше өтеді, бала көгеріп барып ысқырып дем алады. Булықпа жөтелден кейінгі бұл ысқырық демалуды-реприз дейді. Булықпа жөтелдің кезінде баланың тілі аузынан сыртына шығып кетеді де, тісіне тиіп жарақаттанады, беті қызарып, мойнындағы тамырлары ісінеді, көзінен жас ағады, терісіне, көзінің шырышты қабығына қан құйылуы мүмкін. Бұл кезде баланың дене қызуы нормада болады, булықпа жөтел аралығында баланың жағдайы жаман емес.
Булықпа жөтелдің жиілігіне байланысты көкжөтелді 3 дәрежеге бөледі:
1. Жеңіл түрі-булықпа жөтел сөткесіне 5-15 рет, қысқа болады.
2. Орташа түрі-сөткесіне 15-20 рет, ұзағырақ болады.
3. Ауыр түрі-сөткесіне 25-30 рет, жөтел ұзақ 10-15 минутқа созылады, бала әлсіз, құсады, тәбеті төмендейді.
3-ші кезең 2-8 айға созылады.
Жасқа дейінгі балалардағы көкжөтелдің ерекшеліктері: жасырын және катаральды кезеңдері өте қысқа 3-5 күн, булықпа жөтел кезінде реприздердің болмауы мүмкін, бірақ баланың беті қызарып, онан көгеріп, кейде тіпті демі тоқталып қалуы мүмкін.
4. Аурудан айығу кезеңі 2-4 аптада жайлап аурудың барлық симптомдары жойылады.
Диагноз қою: 1. Эпидемиологиялық анамнез.
2. Аурудың клиникалық белгілері.
3. Лабораториялық зерттеулер.
Ақанның жалпы анализінде – лейкоцитоз, лимфоцитоз.
Ббактериологиялық зерттеу-жұтқыншақтан жағынды алып Петри чашкасына ортаға егу.
Асқынуы: өкпе қабынуы, парездер, параличтер, энцефалит.
Емдеу: Ауырған балалар ауру білінгеннен бастап 30 күнге дейін үйінде оқшауланады. Көкжөтелдің ауыр формасымен ауырған балаларды ауру асқынып кетсе, әсіресе 2 жасқа толмаған және семьяда одан да кіші көкжөтелмен ауырмаған балалар болса, ауруханаға жатқызылады.
1. Режим бос, таза ауада көп серуендету.
2. Баланың тамағы жасынасәйкес, құнарлы болуы керек.
3.Антибактериальды терапия-эритромицин, терациклин, ампициллин, левомицетин баланың жасына сәйкес 7-10 күнге тағайындалады.
4. Витаминдер комплексі.
5. Симптомды терапия.
Күтімі: Булығып жөтелу аралығында:
1. Таза ауада ұзақ серуендеу, верандада немесе терезесі ашық бөлмеде ұйықтау.
2. Баланы сергек кезінде ойынға, кітап оқуға, сурет салуға, қарауға алаңдату, мұндай балалар сирек жөтеледі.
3. Баланың ауыз қуысына күтім өткізу, шайып тұру, тісін тазалау.
4. Бөлмені дымқыл шүперекпен сүртіп жуу, ауасын барынша тазарту.
Булықпа жөтел кезінде:
1. Баланы жұбату.
2. Таза ауа жеткізу.
3. Төсекте көтеріңкі жағдай тудыру.
4. Қысатын киімдерін шешу.
Инфекция ошағындағы шаралар:
1. Ауырған баланы булықпа жөтел басталғаннан бастап 30 күнге оңашалау, немесе ауру басталған күннен бастап 40 күнге оңашалау.
2. СЭС-ке №58 формамен хабар беру.
3. Ауру баламен қарым-қатынаста болған, бұрын көкжөтелмен ауырмаған 7 жасқа дейінгі балаларға 14 күнге карантин белгіленеді. Карантин кезінде балаларды бақылап, жаңадан балалар қабылдауға тиым салынады.
4. Көкжөтелмен ауырған адам болған бөлме дымқыл шүберекпен сүртіліп жуылады, ауасы барынша тазартылады.
5. Санитарлық ағарту жұмысын жүргізу.
Профилактикасы: Әдейіленген профилактика көкжөтел-дифтерия-сіреспе вакцинасымен АКДС бала 2,3,4,18 айға толғанда өткізіледі 0,5мл бе.
Әдейіленбеген профилактика – ауру ошағында эпидемияға қарсы шараларды уақтылы және дұрыс өткізу.