Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы); (көне грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) — шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен түрады: 1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар); 2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім. Анализаторлардың көмегімен адам мен жануарлар организмдері мен қоршаған орта арасында байланыс қалыптасады. Сонымен қатар, олар организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты өтуі, үлпалар мен мүшелердің қанмен жабдықталуы, әртүрлі жүйелер қызметінің үйлесімді реттелуі туралы ақпараттармен орталық жүйке жүйесін хабардар етіп отырады.[1]
Анализатор (Analyzer) - берілген алгоритмге сәйкес объектінің басты элементтеріне сипаттама беретін анализ жасау құрылғысы немесе бағдарлама. Желілік құрылғының жағдайын тексеретін, дестенің мазмұнына анализ жасайтын тәсіл.[2][3]
Анализатор- 1)зат қоспада қайсібір заттың бар жоғын анықтайтын аспап; 2)радио және электротехникада әр түрлі үрдістерді зерттейтін аспап