Германий-ақ сұр,өте жылтыр металлоид.1886 жылы ашылды.Германий табиғатта шашыранды тарағандықтан,сирек кездесетін элемент болып табылады.Ол көп минералдар түзбейді.Германийдің жер қыртысындағы қоры 7*10% құрайды,атомдық массасы 72,6,ал балқу температурасы . Германийді алудың технологиясы келесідей жүзеге асады:
Практикалық маңызы бар германийдің минералына табиғатта сирек кездесетін германит жатады,сонымен қатар германий кейбір түсті металдармен бірге,мысалы,мырыш кендерімен бірге және тас көмірдің көлінде болады.Сондықтан,түсті металдарды өңдегенде түзілетін қосалқы өнімдердегі немесе тас көмір көліндегі германийді -ге айналдырып,оны сутегімен тотықсыздандырамыз: (1- сұлба)
+
Германийдің (IV) оксидін Ge –ң тетрахлоридіне айналдырамыз,тетрахлоридті тазалаймыз,тетрахлоридтен аламыз да,кейін -ні тотықсыздандырамыз:
Алынған германий тетрахлоридінің ( ) қайнау температурасы 83С.Егер құрамында қоспалар болса,ректификация үрдісі жүргізіледі.Бұдан соң келесідей реакция жүзеге асады:
Алынған таза германийдің оксидін құбырлы электр пешінде сутегімен тотықсыздандырады.Бұл кезде келесідей реакция жүреді:
Тотықсыздандыру температурада,20-50 минут аралығында жүреді,кейін тотықсызданған германий қайықшада жоғары температура аралығында ұсталынады.
Ең алғаш таза германийді былай алған:Басында германий аргародит түрінде болған,ол 2 түрлі оксидке ( ) ауыстырылған,содан кейін бұл ақ ұнтақты температурада сутегінің атмосферасында (ауасында) қыздырған. Реакция мына түрде өтеді: (2- сұлба)
Винклер алғашында бұл жаңа элементті Нептун планетасының атымен Нептуний деп атамақшы болды.Бірақ,кейіннен мұндай атау бір жалған ашылған элементке берілмекші болған,бұны Винклер қаламастан өзінің бірінші ойынан бас тартты.Винклер жаңа элементті өзінің мемлекетінің атына орай Германий деп атады.
Германий басқа шашыранды элементтердің көбі сияқты түрлі кен мен породаларда кездеседі,бірақ құрамы өте аз.
Қазірде германийдің өндірісі мыс-цинк-қалайы(Cu-Zn-Pb) сульфидті кендерді металлургиялық өңдеудің қалдықтары мен аралық өнімдерін алуға және көмірмен жұмыс істейтін жылу қондырғылардың және коксохимиялық зауыттардың қалдығынан алуға негізделген.
Германий конценттраттарда ары қарай алуға ыңғайлы GeO оксиді күйінде болады,өйткені концентраттарды алу германий құрамдас материалдарын тотықтырғыш ортада термиялық өңдеуден тұрады.Концентрат-қызыл-қоңыр немесе сұр түсті ұсақ ұнтақ.Оның негізгі құрамдасы: және т.б оксидтер. Спектрлі анализ сондай-ақ Cu,Pb,Zn,Sn,Sb элементтердің барын көрсетті.
Жартылай өткізгіш германийдің негізгі көлемін екіншілік шикізат-радиотехникалық өндірістің қалдықтарынан алады.
Приборлар өндіруде германийдің негізгі бөлігі (80-90%) шлифұнтақтар және кристалдарды кесу мен шлифовка кезінде түзілетін шламдарға өтеді.Германий өңделген жемірлерде бос металл күйінде ұсақ бөлшектер түрінде кездеседі (150мкм).
Германий құрамдас шикізаттардың көп түрлігіне қарамастан,оны өңдеу бір өнімді-тетрохлоридін алуға негізделген,өйткені германийдің басқа қосылыстарына қарағанда германийдің тетрахлоридін терең тазалауға болады.Түрлі шикізаттарды хлорлау технологиялары бірдей емес,сондықтан оларды 3 топқа бөлуге болады:1)тотыққан германийлі өнімдер (концентраттар және кектер);2)металдық ұсақ ұнтақты германийлі қалдықтар (шлифұнтақтар);3)металдық германийлі кесек қалдықтар.