Менің Отаным – Қазақстан. Мен осы елдің азаматымын деп мақтаныш сезіммен айта аламын. Өйткені, менің желбіреген көк Туым бар, бойыма қуат күшін беретін Әнұраным бар, аты жаһанға танымал Елбасым бар! Жетпіс жылдан астам Кеңестер Одағының құрамында болып, өз бұйдамыз өзгенің қолында болса, бүгінде Тәуелсіз елдің тумасымын, егемен елдің ұланымын. Біздің еліміз – жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы жарасып отырған мемлекет. Елімізде өзге мемлекеттер қызыға қарайтын береке мен тыныштықтың болуы – өзара достық қатынастың, Елбасының басқару жүйесінің жемісі.
Халқымның тәуелсіздік таңы атқанда, көрінді көш алдынан дара тұлғаң, - деп ақын жырға қосқандай, мен кейдеҚазақстанды алып кемеге теңеп, ал Президентті алып кеменің капитаны сияқты елестетемін. Осы капитан өз кемесін тура жолмен жарқын өмірге бастап келе жатыр. Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы,- деп Н.Ә.Назарбаевтың өз сөзімен айтқанда Егемендік, Тәуелсіздік, Ана тілі ұлтты біріктіруші күшке, ұлттың рухани тірегіне айналды. 21 жылға жетер-жетпес уақытта Қазақстан әлемнің азулы мемлекеттері қатарынан өз орнын ойып алды. Қазақстанды әлем таныды, мойындады. Қазақ елінің шекарасы айқындалып, ешкім қол сұға алмайтын заңмен көмкерілді. Әлем жаңа қазақ мемлекетін, оның Президентін осылай мойындады. Әлем лидерлері Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтың уәлі сөзін тосатын, кесімді пікірімен санасатын , айғақ ойына келісетін болды. Англияның экс-премьер-министрі Маргарет Тетчер : Назарбаев – қалыпқа сыймайтын тұлға -деп жоғары баға берді. Бұл тек Президентке деген құрмет емес, қазақ халқына деген құрмет емес пе?! Елбасы – рухы биік, жасампаз, кімді болса да өз ісіне сендіре алатын, кімді болса да ізгі істерге жұмылдыра алатын, жігерлендіре алатын тарихи тұлға, халықтың қалаулы перзенті! Елбасының әлемді аузына қаратқан, әлем картасындағы ең жас қала – Астана қаласын салуы да ерліктің ерлігі деп білемін.
Ел болашағы – білімді ұрпақ қолында - деп Елбасы өз сөзінде айтып кеткендей , елімізде жастардың тиянақты білім алуына жан-жақты жағдайлар жасалуда. Шет елдің озық университеттері негізінде Назарбаев университеті, Назарбаев интеллектуалдық мектептері ашылды. Бұл – жастарға жасалып отырған үлкен қамқорлық, сара жол. Бүгінгі күнде халқымыз тоқ, еліміз тыныш. Бұл да еліміз үшін үлкен бақыт. Мемлекетіміздің гүлденуі, экономикамыздың өсуі, рухани-мәдени үрдістердің өркендеуі – Қазақстандағы саяси тыныштықтың, ұлттар арсындағы ынтымақтастықтың айғағы.
Мен осындай әлемді мойындатқан елдің азаматы екендігіме, қазақ деген ғажап халықтың қызы екендігіме мақтанамын. Мен Қазақ елінің бір кішкене бөлшегі ретінде осы елдің көркеюіне, дамуына өз үлесімді қосамын.
Еліміздің мамыражай , тыныш өмірі, жасампаз, жаңалыққа толы нұрлы болашаға, өркениетті елдермен тереземізді тең еткен сындарлы саясаты үшінЕлбасымызға деген алғысым шексіз! Елін сүйген, елі сүйген Президентім менің!Елімізді жарқын болашаққа жетелей беріңіз!
Санат: KZ портал Қазақша Рефераттар жинағы