Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны

Скачать

Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны

Музыкасын жазған: Шәмші Қалдаяқов
Сөзін жазған: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев


Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!



Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің- Қазақстаным!



Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!


Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің- Қазақстаным!


Скачать


zharar.kz