Ерлан мен Марат - түйдей құрдас, тату дос. Қашан қарасаң бірге жүреді. Ойында да бірге ойнайды, сыныпта да бір партада отырады. Екеуі ұрысып көрген емес. Сабақты да жақсы оқиды. Оларды мұғалімдер де балалар да сыйлайды, қадірлейді. Дос деген осындай адал болу керек.