Кәсіпкерлік туралы тоериялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионнның еңбектерінде баяндалды.Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік тоерия әртүрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылдыда, олар бірте-бірте кәсіпкерлік-бұл адамның тәуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес қорыта келгенде жаңа кәсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келеді.
Алғашқыда, «кәсіпкерлік» термині тәуекел сөзімен ал кәсіпкердің өзі тауарларды өндірі мен өткізуге белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алатын адаммен байланыстырылады.Мысалы 1725 жылы Кантиллионкәсікерлікті өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырды, сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін ресурстарын қолданушыларды ажыратып отырады.Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырады .Адамды белгілі бір төлемақы,сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады.Катиллионның пікірінше кәсіпкердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеулері.
Кейінірек 18-ғасырдың екінші жартысында Квисней сияқты физиократтар кәсіпкерлік клнцепциясын кеңейте түсті.Олар Кантиллионсияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ лгері жылжи отырып бұл анықтамаға өндіріс процесін енгізді демек сонымен бірге кәсіпкерлердің пайда табуы үшін белгілі экономикалық ресурстарға ие болу қажеттілігі де енгізіледі.Олардың түсінігінше кәсіпкер өнім өндірісін ұйымдастыру,жаңа әдістерді енгізу және жаңа өткізу нарықтарын іздестіру қажет.
Басқа бір физиократ дін қызметшісі Николас Бауде өндірушілер мен фермерлер топтарының гүлденуі, олардың жаңалықтарға яғни жаңартпа мен менеджментке деген бейімділіктеріне байланысты деп санайды.Бауде еңбек өнімділігінің ұлғаюындағы ғылым мен технологияның маңыздылығына әрдайым ерекше көңіл аударып отырды.Ол кәсіпкер мен меншіктенушінің өзара айырмашылықтары бар деп ұйғарды.Меншіктенушілер кәсіпкерді капитал мен қамтамасыз етеді,олар өз кезегінде бұл қаржы құралдарын шикізат алуға және жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге пайдалана отырып тәуекелге барады.
Өз ілімінде ол жаңа енгізілімдерді басқарудың қажеттілігін сондайақ тәуекел деңгейін тек білім арқылы төмендетуге болатындығын дәлелді түрде сипаттайды.Ол сондайақ кәсікердің кемшіліктерін және оларды өндірісті ұйымдастыру өнері сияқты маңызды салада оқытып үйрету қажеттілігін көрсетеді әрі мемлекеттің өзінің әкімшілік билігі мен заңдарын осындай адамдарды қолдау үшін пайдалануға шақырады.Сонымен қатар сол кезде –ақ монополиямен күресу қажеттілігін және салық жүйесінде тәртіптің жоқтығын көрсетеді.Көріп отырғанымыздай 18 –ғасырдың ортасында Бауде біздің уақытымыз үшін де маңызды мәселелерді көтерген.
1776 жылы Адам Смит өзінің «Халықбайлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» атты еңбегін жазғанда ол негізгі өндіріс факторларын бөліп көрсетті:жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеңе айтылмады.Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді,ол индустриялық төңкеріспен қатар кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап ете қалатынын айтты. Сэйдің айтуынша «Өндіріс шеберлері» келесі қасеиттер мендарындарға ие болуы қажет.
*Төлем қабілетті, тәртіпті ,сақ, адал және тұрақты болуы ;
*Қарыз түрінде капитал тарта білу және несиені уақытында қайтару білу;
*Өз бойына әділетілік, бизнесті жете білушілік пен табандылық сияқты моралдық қасиеттерді қалыптастыру;
*Сол немесе басқа тауардың ерекшелігі мен маңыздылығын, оны өндіру әдістері мен боджамды сұранысын жеткілікті дәрежеде нақтылы бағалай білу жағдайында болу.
Кәсікерлер әрдайым алдына қойған мақсаттарды және экономикалық көрсеткіштерді қадағалауды көздей отырып керекті қызметкерлерді тарта білулері, қажет материалдарды ала білулер және сатып алушыларды таба білулері керек,сонымен қатар басқаша айтқанда олар әкімшілік ету мен басқару шеберлігіне ие болулары керек. Олар өнімді сатудан бұрын оның бағасы мен құнын дұрыс есептей білуі керек. Көрсетілген сипаттамалардан Жан Батист Сэйдің кәсіпкерді қарпайым емес дарынды менеджер ретінде көрсеткені көрініп тұр.
Субьективті австралиялық экономикалық мектептің негізін қалаушы Карл Менджердің кәсіпкердің шешім қабылдау концепциясын жасауға көп үлес қосқаны аз емес. Ол белгілі бір тәуекелді мойнына алу , кәсіпкердің қызметінде үлкен рөл ойнамайтындығын сендіреді. Тәуекелдер-өте сирек кездесетін және эпизодтық сипаты бар құбылыс.Менджеркәсіпкерліктің қажетті ресурстарды табу және өнімді өндіру түрін таңдау туралы шешім қабылдау процесінің 4 негізгі сатыларын жасады:
а)экономикалық жағдай туралы мәліметтер жинау;
б)экономикалық есеп
в)кәсіпорынның мақсаттарына ең көп сай келетін өнімді таңдау;
г)негізгі экономикалық нәтижелерге жету мақсатында өндіріс жоспарларының орындалуын басқару.
1890 жылы кәсіби менджмент салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болды,бірақ біз осы уақытта-ақ Альфред Маршалдың кәсіпкер мен менеджердің арасындағы айырмашылықтың бар екендігін алғаш рет көрсеткен зертеулерін табамыз.Менеджер кәсіпорында өте маңызды міндет атқарады, бірақ Маршалдың пікірінше тек кәсіпкер ғана бизнестің табыстылығына байланысты толық жауапкершілікпен тәуекелді мойнына алады,сондықтанол менеджергеәрі кәсіпкерге қажетті қасиеттерге ие болуы тиіс.Сонымен бірге Маршал өте оңды кәсіпкерді сипаттайтын қасиеттердің көп екендігін атап көрсетеді.Негізінен кәсіпкерлер бір жағынан өте мықты бір жағынан әлсіз болуы мүмкін ,бірақ кәсіпкердің негізгі міндеті капитал мен еңбекті қозғалысқа келтіру, негізгі жоспар мен оны орындаудың егжей-тегжейлі шараларын дайындау болып табылады.Кәсіпорынның өсуімен қатар кәсіпкерлік қабілетті өсуі қажет, Сонымен қатар ол өзінің српылылығын жан-жақтылығын,бастамшыл іс-әрекеттерге деген қабілетін ,табандылығын сақтау керек,тек сонда ғана ол табысты кәсіпкер болып қала алады. Сонымен Маршалдың сіңірген еңбегі –алғаш рет кәсіпкер мен менеджер арасындағы айырмашылықты жиі көрсетуде.
Орта ғасырлық менеджмент тарихын зерттеуші Джозеф Шумпетерд3 0аз3рг3 заман кәсіпкерлігінің атасы деп жиі атайды.Өзінің ілімдерінде Шумпетер кәсіпкерлік бейнесін жай бизнесті басқаратын менеджер роліне алшақтаған. Кәсіпкердің мәні ,бұл оның өндіріс күштерін жаңадан ұйымдастырыуы, ұластыруы,ал олалдың қозғаласы өз кезегінде өндіріс циклдарының тездетілуіне немесе жалпы экономикалық өсімге алып келеді. Шумпетер кәсіпкерліктің өз қызметтерінде қолдануға болатын келесі бағыттарды анықтайды:
1.Жаңа өнімдер немесе қызмет көрсетулер;
2.Жаңа өндіріс әдістері;
3.Жаңа өткізу нарықтары;
4.Жаңа жабдықтау көздері;
5.Жаңа ұйымдастыру түрі.
Джозеф Шумпетеркәсіпкерлерді жәй алыпсатарлар мен инвесторларға қарағанда әртүрлі бағыттар мен әрекеттерді байланыстыру арқылы жаңа бизнес құратын әлеуметтік-экономикалық жаңашылдар деп атайды. Шумпетер кәсіпкерлік еңбектің ерекшелігі туралы ойын саралай келіп,оның өндіріс құралдары мен әртүрлі материалдардың жай ғана жинақталуынан тұрмайтындығын ол тауарлар мен қызмет көрсетулердің жаңа түрлерін, өндірістің жаңа әдісін, жаңа өткізу нарығын, жабдықтаудың жаңа көздерін және ұйымдастырудың жаңа түрін іздеп ,енгізу арқылы оларды тиімді қолданудан тұратындығын атап көрсетті. Сонымен қатар олар өз еңбегімен, осы уақытқа дейін теңдесі болмаған пайда табады және ол кәсіпкерлік пайда деп аталады.
Франк Найт кәсіпкерлік қызметінің өте маңызды белгісі тұрлаусыздық жағдайында жұмыс істеу екендігіне ерекше көңіл аударады. Найт пікірі бойынша кәсіпкер- әртүрлі мүмкін болатын кедергілерді батыл жеңіп шығатын өзінің қөзқарасын әрдайым қорғай алатын адам.Найт тек жалпы түрде ұйымдастыру және бақылау сияқты міндеттерге ерекше көңіл аудара отырып кәсіпкердің міндеттерін сипаттайды. Бірақ белгілі бір міндеттерді атқаратын жай менеджерлерге қарағанда кәсіпкердің мәні үлкен, кәсіпкер өз кәсіпорынының да меншіктеушісі болуы керек,яғни капиталдыда басқаруы керек. Мұның үстіне Найт кәсіпкердің мәні тек белгілі бір міндеттерді атқаруында да, кәсіпорынның құруында емес оның тұрлаусыздық жағдайында жұмыс істеу қабілеттілігінде, сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерге араласа білуінде деп санады. Кәсіпкер кәсіпорынның пайдасын ұлғайту мақсатында, көз жеткізген тәуекелге өзінің капиталы мен баруға дайын болуы керек.
Қазіргі заманғы авторлардың ұстанымдарын қарастырайық. Давид Минкеланд кәсіпкерге мынадай сипаттама береді:
*Дәлелденген тәуекелдерге бара білу;
*Жігерлік және іскерлік белсенділік
* Жеке, дербес жауапкершілік
*Қабылданатын шешімдер нәтижесінің белгісі ретіндегі пайда
*Қабылданатын шешімдердің салдарын білу
*Болашақта қоршаған ортада болатын өзгерістерді болжай білу
*Ұйымдастыру шеберлігі.
Питер Друкер алғашқыларының бірі болып кәсіпорынды ұйымдастыруға арналған мүмкіндік ұғымын енгізеді.Жаңа кәсіпорын үшін қорларды іздеу мен орналастырудан бұрын бизнесті дамыту үшін қолайлы мүмкіндіктерге ие болу керек. Экономистер кәсіпорынның пайдасын көбейту жайлы айтуда. Негізінде сөз пайда табу мүмкіндіктерін көбейтуде болып отыр. Атап айтқанда кәсіпкердің жұмысы бизнеске қолайлы мүмкіндік іздеуден тұрады, нәтижесінде кәсіпкер қорларды тиімділігі төмен салалардан, жоғарырақ нәтиже беретін салаларға ауыстырады.Кәсіпкерлік қызметтің ерекшелігі тиімділігі жоғарғы кәсіпорындар құра білу қабілеттілігінде. Питер Друкер мұның сыртында кәсіпкердің бизнестің әртүрлі саласында жұмыс істеуге дайын болу керектігін атап көрсетеді.
Харви Либенстейн кәсікерлік белсенділіктің 2 түрін айтады: қызметтің бірінші түрі менеджментке тән ескішілдікккенегізделген күнделікті операцияларды орындаумен байланысты,екінші түрі- жаңартпашылық.. Қызметтің бірінші түрі орныққан, жақсы зерттелген нарықтық ортада жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды басқаруды білдіреді. Жаңартпашылық қызмет- жаңа нарықтар жағдайында жұмыс істеу, қызмет көрсету мен өнімнің жаңа түрлерін өндіру.Кәсіпкер әртүрлі нарық жағдайында тиімді жұмыс істей білу керек.
Шет елдік тоерияда және практикада кәсіпкерлік қолда бар қаржы, материал және еңбек қорларын игеру базасында қызмет көрсету немесе өнімге деген белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын жаңа бизнесті құру процесі ретінде қарастырылады. Кәсіпкерліктің көрсетілген анықтамаларын талдай отырып, біздің көзқарсымыз бойынша кәсікерліктің келесі анықтамасын қисынға қарай мазмұндауға мүмкіндік беретін сипатамалардың ең маңыздыларын бөліп көрсетейік.Кәсіпкерлік –жаңа кәсіпорынды құрумен немесе белгілі бір дәрежедегі тәуекелділігі бар қазіргі кәсіпорынды дамытумен байланысты жаңартпашылық қызмет.
Кәсіпкерлік феномені жер, еңбек және капитал сияқты өндіріс факторларын жұмыс істеуге мәжбүрлейтін қозғаушы күш болып табылады. Бірінші кезекте сөз, кәсіпкердің фирманы құрудағы немесе барлық өндіріс факторларының белсенділігін арттыру арқылы қазіргі кәсіпорынды дамытудағы зор еңбегі жөнінде болып отыр. Сондықтан кәсіпкерліктің соңғы уақытта негізгі өндіріс факторларымен бір қатарға қойылып жүргені кездейсоқтық емес. Кәсіпкерлік эколномиканың дамуына үлкен үлес қосады себебі осы қызметтің арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болды, техника мен технология дамиды, жаңа өндіріс және қызмет көрсету салалары қалыптасады, жаңа аймақты игеру жүзеге асырылып,ұлттық кірістің көлемді бөлігі жасалады.
Кәсіпкерлікті тек жаңа бизнестің басталуымен жиі байланыстырылады. Шындығында кәсіпкерлік қызмет саласы әлдеқайда кең. Бүгінгі фирмалар өндіріс көлемін ұлғайтуға ,фирма қызметінің гоеграфиясын кеңейтуге, фирманың дамуына жаңа күш беруге немесе жай фирманың өмір сүру қажеттілігін қолдауға және тақырға отырудан құтылуға деген қажеттіліктер жиі туындайды. Кәсіпкерлік қызметтің бұл элементтерін бюджеттік, былайша айтқанда пайдасыз деп алатын ұйымдарға да байланысты айтуға болады.
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90- жылдардың басында қайта құрудың басталуымен айтыла бастады.Бұл кезде былайша айтқанда «комсомолдық кәсіпкерлік» басталады, көптеген жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне өспелі инфляция жағдайында дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтып беріп қана қоймай сондай-ақ қажетті былайша айтқанда бастапқы капитал жинай алады,себебі несие ақша «қымбат»алынып, «арзан» қайтарылады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғанан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды.Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы», «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында –ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 жылы шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтунышылар мен тауар өндірушілер арасындағы делделдық та емес, сауда шықты.
Соңғы жылдары Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің 1997 жылғы 6- наурыздағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27- сәуірдегі № 3928 Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш береді. Осы жарлыққа орай Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика минстрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылады.Бұдан басқа ,халықарлық қаржы институттарының үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдарының қатысуымен кәсіпкерлікті қолдау қорын құру көзделген. Бұл қордың шеңберінде 5 миллион теңге көлеміндегі келешегі анағұрлым үлкен жобаларды қаржыландыру көзделуде. Алайда үкіметтің күш салуына қарамастан кәсіпкерлік қызметін белсендетуге шындап бетбұрыс әлі бола қойған жоқ..
Кәсіпкерлік процесін қозғалысқа келтіретін іргелі күштерге бірінші кезекте фирманың құрушы және негізін салушы болып табылатын кәсіпкердің өзі, бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен қажетті қор жатады.
Кәсіпкерлік процесінің екінші қозғаушы күші –бизнесті іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер. Кәсіпкердің қызмет саласын таңдауында тура келетін өнімдер мен қызмет көрсету нарығы тұрлаусыздықпен мәліметтің жетіспеушілігімен және тәуекел деңгейінің жоғарылығымен өзгешеленеді.
Кәсіпкерлік шеберлік дегеніміз- бұл басқаларға әлі көріне қоймаған, көрінсе де өте ерте, не кеш көрінген жерде кәсіпорын құру және дамыту мүмкіндігінен бірінші болып көру.
Кәсіпкерлік процесінің үшінші қозғаушы күші бұл қажетті қордың болуы.Қорларды басқаруда келесі көзқарасты ұстану керек.Шағын фирмалардың негізгі өндіріс қорларының үлкен бөлігінің сатып алуымен емес ал жалға алынуымен қамтамасыз етілетін ең аз мөлшердегі қорлармен жоғарғы нәтижелікке жету.
Қазіргі заманғы теорияларда кәсіпкерліктің 7 концепциясы бөліп көрсетіледі олардың әрқайсысы өз алдына мектеп болып түсіндіріледі.
1.Кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттерді бағалау ұстанымындағы мектебі.
2.Кәсіпкерліктің психологиялық мектебі.
3.Кәсіпкерліктің классикалық мектебі.
4.Кәсіпкерліктің жетекші ұстанымындағы мектебі.
5. Кәсіпкерліктің ішкі мектебі.
6. Кәсіпкерліктің маркетингтік ұстанымындағы мектебі.
7.Кәсіпкерліктің менеджменттік ұстанымындағы мектебі.
Кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттерін бағалау ұстанымындағы мектебі :Кәсіпкер болып туыла ма әлде жүре келе болама. Кәсіпкерліктің осы мектебі табысты кәсіпкер болуы үшін белгілі бір жеке қасаиеттерге ие болу қажеттілігіне ерекше көңіл аударады. Басқаларды да рухтандырып және қызықтыру үшін кәсіпкер өзінің ойының немесе бизнес концепциясының өмір сүргіштігін дәлелдеп қана қоймай, қойылған мақсатқа жету үшін кәсіпкерлерді қызықтырып, сендіруі керек.
Кәсіпкерліктің осы мектебіне сәйкес кәсіпкерлер тиісті шешім қабылдауда және бизнесті іске асыру мүмкіндіктерін табуда сезімдік қабілеттерге ие болады. Басқа мектептер сияқтердің өкілдері сияқты нарықты болжау мен талдауға айрықша көңіл бөлсе кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттері ұстанымындағы мектеп кәсіпкерліктің табиғи сезіміне ерекше көңіл аударады.
Классикалық мектеп бойынша тәуекел элементтері бар жаңартпашылық пен жасампаздық қызметті кәсіпорынды құру кезеңінде әрі жұмыс істеу кезіндегі кәсіпкерлік қызметінің негізгі шешуші факторы болып табылады.Өйткені жаңа енгізілім жасауға бейімделген адамдар жаңартпашылық қызметті көбінесе қоғамның дамуына үлкен үлес қоса отырып,өздерінің жаңартпашылық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен жүзеге асырылады.
Кәсіпкерліктің жетекшілік ұстанымындағы мектебіне сәйкес белгілі бір мақсаттарға жету мақсатымен басқаларға әсер ете алатын жетекші болып табылады. Кәсіпкерліктің жетекшілік ұстанымындағы мектебі кәсіпкердің және менеджердің адамдарды уәждеу, қызықтыру және соңынан ерте білу қабілеттігіне көңіл аударады.
Басқа мектептерге қарағанда кәсіпкерліктің ішкі мектебі ірі кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігімен жаңартпашылық белсенділіктерінің төмендеуіне жауап ретінде пайда болады. Ішкі кәсіпкерлік тәуелсіз құрылымдық бірліктерге өздерінің өткізу нарықтарын табуға, қызмет көрсету, технология және өндіріс әдістері саласындағы жаңа енгізілімдер жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпкерліктің маркетингтік ұстанымындағы мектебі бұған сәйкес кәсіпкерлік соңғы тұтынушылардың сұранысы мен қажеттіліктеріндегі өзгерістерді іздеу процесі ретінде қарастырылады және сұранысты жаңа өндіріс процесін ұйымдастыру арқылы қанағаттандыру мен үзіліссіз, ұдайы өндіріс циклының әрбір сатысында ең жоғарғы өнімділікті қамтамасыз ететіндей етіп өнімдерді үлестіру болып табылады.
Менеджменттік ұстанымдағы кәсіпкерлік концепциясы жоғарыда қарастырылған барлық мектептердің элементтерін қамтитын және бүгінгі күнде шағын кәсіпкерілкті қолдаудың тармақталған инфроқұрылымының жоқтығымен сипатталатын өтпелі кезең экономикасының қажеттіліктеріне ең көп жауап беретін интеграцияланған концепция ретінде дамытамыз.
Кәсіпкерліктің менеджементтік ұстанымындағы концепцияға сәйкес кәсіпкерлік процес нақты басқару міндеттерін орындау арқылы жүзеге асырылады. Бұл саладағы бүгінгі зерттеулерде кәсіпкерлікті басқару концепциясын тек жекеленген бір кәсіпорын деңгейінде ғана емес, сонымен бірге аймақтық,салалық және тұтас мемлекет деңгейінде қарастыру ұсынылады.
Менеджменттік ұстанымдағы кәсіпкерлік концепцияға сәйкес кәсіпкерлікті басқару менеджмент ғылымына негізделеді.Кәсіпкерліктің менеджменттік ұстанымындағы концепциясы бойынша кәсіпкер-пайда табу мүмкіндігін тәуекел дәрежесімен салыстыра отырып, бизнесті ұйымдастыру мен басқаруды өз мойынына алатын адам.