Жұқпалы аурулардан сақтандыру

Скачать

Тумастан бұрын біткен жүрек ақаулары.

Жүректің қан жолы тетіктерінің зақымдануын жүректің ақауы дейді. Бұл зақымданудың нәтижесінде жүректің негізгі қанды айдау қызметі бұзылады. Жүректің ақауы тумастан бұрын және кейіннен пайда болуы мүмкін. Мысалы, ревматизм атакаларынан кейін. Жылына біздің елімізде 40 000-ға жуық нәресте жүрек ақауымен дүниеге келеді.

Тумастан бұрын біткен жүрек ақауларының себептері:

1. Аяғы ауыр әйелдің жүктіліктің бірінші 3 айында жұқпалы вирустық аурулармен ауыруы (тұмау, қызылша, қызамық т.б.)

2. Жүктіліктің бірінші жартысының токсикозы.

3. Маскүнемдікке салыну, темекі шегу.

4. Тұқым қуалаушылық.

5. Жиі түсіктер мен аборттар.

Аурудың айқындалуы: Ақауы бар жүректің өз қызметін орындауына байланысты жүрек ақауын компенсацияланған және компенсацияланбаған деп бөледі.

Компенсацияланған ақауларда-ақау кішкене. Сондықтан жүрек өз қызметін толық орындайды, сырттан қарағанда бұл балаларда қан айналымының бұзылуы көрінбейді, тек тыңдағанда жүректе шу айқындалады.

Декомпенсацияланған ақауларда-жүректегі ақау үлкен немесе ақау бірнеше, сондықтан жүрек өз функциясын толық орындай алмайды, қан айналымы бұзылады, балада декомпенсация симптомдары пайда болады:

Терінің көкшілдігі (цианоз).

Ентікпе.

Тахикардия.

Тыңдағанда – жүректе дөрекі шу естіледі, бұл шу жауырын, қолтық астында да естіледі.

Баланың кеудесінде көгеріп вена тамырлары шығып, жүрек тұсында дөңес пайда болады.

Тырнақтары сағат әйнегі, саусақтары барабан таяқшалары тәріздес.

Бала өсу жағынан өз құрдастарынан артта қалады (бойы, салмағы).

Организ төзімділігі төмендеп, бала жиі ауырады-өкпе қабынуымен, әртүрлі жұқпалы аурулармен.

Тумастан жүрек ақауы бар балалар отырып, жатып ойнағанды қалайды, кей кезде мәжбүрлі қалып қабылдайды: екі тізесін қолдарымен құшақтап алдына қарай еңкейіп жүресінен отырады.

Жүректің зақымдану дәрежесіне байланысты тумастан болған жүрек ақаулары жәй (моноақаулар) және құрастырылған (күрделі) ақаулар болып бөлінеді.

Моноақаулар: Боталлов ағымының бітелмеуі, құлақша аралық перденің ақауы, қарынша аралық перденің ақауы.

Күрделі ақаулар: Фалло ауруы-Фалло триадасы, тетрадасы, пентадасы... Мысалы: Фалло тетрадасы-өкпе артериясының стенозы, қарынша аралық перденің ақауы, аорта сол және оң қарыншадан шығады, оң жақ қарыншаның қабырғасының қалыңдауы.

Күрделі ақаулар әрқашан декомпенсацияланған болады.

Бұл аурудың асқынулары: қан айналымының жетіспеушілігі бала денесінің құрысып-тырысуына, талуына әкеліп соғады, балалар жиі өкпе қабынуымен ауырады, тыныс жетіспеушілігі дамиды.

Аурудың диагностикасы:

1. Аурудың клиникалық белгілері: цианоз, демікпе, тахикардия, жүрек дөңесі, баланың мәжбүрлі қалпы.

2. Рентген тексеру.

3. ЭКГ, ФКГ.

4. Жүрек қуыстарын зондпен тексеру, ангиокардиография.

Емі: 90% жағдайда жүрек ақауларын оперативті жолмен емдейді. Жүрекке жасалынатын операциялар радикалдық (ақаудан мүлдем айықтыратын) және полиативтік (баланың жағдайын жеңілдететін, өмірін ұзартатын) болып бөлінеді.

Күтімі:

Бала жатқан палатаның ауасы үнемі таза, жылы болуы керек, 20-220 С.

Бала төсекте өзіне ыңғайлы жағдайда жатуы керек, бас жағы жоғары, кішкене балаларды бос жөргектеу керек.

Баланың терісін, шырышты қабықтарын таза ұстау керек.

Жеке бас гигиенасын сақтау.

Терінің ойылуының және өкпе қабынуының алдын-алу үшін төсектегі жағдайын алмастырып, қолға алып, терісін майлап тұру керек.

Жұқпалы аурулардан сақтандыру.

Тамақтың көлемін азайтып, жиі беріп тұру.

Баланың денесі құрысып-тырысқанда жедел көмек көрсету керек: басын, аяқ-қолын ұрып алмау үшін астына жұмсақ төсек немесе жөргек төселеді; тілі тыныс жолдарын жауып қалмас үшін тілұстағышпен ұстап немесе дәке оралған шпательмен басып тұру керек.

Тумастан бұрын пайда болған жүрек ақауы бар балалар педиатр мен врач-кардиологтың диспансерлік есебінде болып, уақтылы лабораторлы және клиникалық байқаудан өтіп тұрады.

Профилактикасы: аяғы ауыр әйелдердің жұқпалы аурулармен ауырмауын қадағалау, босанғаннан бұрынғы патронажға барғанда маскүнемділіктің және темекі шегудің зияндығын айтып түсіндіру.


Скачать


zharar.kz