Жәлменде Байшығашұлы турады әңгімелер

Скачать

Жәлменде Байшығашұлы (1846, Алматы облысы Қаратал өзенінің төменгі сағасы — 1901) — би, шешен. Ұлы жүз құрамындағы жалайыр тайпасының арықтыным-байшегір тармағынан шыққан. Жәлменде 12 жыл болыс, 9 жыл би болған. Қоянды жәрмеңкесінде Абаймен кездесіп, жақын танысады. Ұржарда өткен 7 уезд өкілдері бас қосқан съезде түйіні қиын мәселелерді шешуге Абай Жәлмендені шақыртады. Жол аяғы қашықтықтан 2 — 3 күн кешігіп барғанымен, съезді Жәлменде би ашады. Съезде хатшылықміндет атқарған Абай Жәлменденің сөздерін уезд бастығы Лосовскийге аударып отырады. Уезд бастығы осы жиында Жәлменденің басшылығымен шығарылған ережені өзгеріссіз бекітіп, оған атқарған адал еңбегі үшін алтын медаль береді. Жәлменде қырғыз Шәбден төре, қазақ халқының белгілі адамдары Бөлтірік шешен, Маман бай, Есімбек Тәнекеұлы, Бақтыбай Жолбарысұлымен етене араласқан. Ж. 1901 ж. қажылыққа барған сапарында Мекке мен Мәдиненің аралығындағы "Жаннәтіл бақия” деген құдықтың маңында қаза тапқан. Жәлменде туралы ел аузында сақталған аңыздар "Баласы Жәлменденің Пішән едім” (Талдықорған, 1999), "Армысың, қайран бабалар” (Талдықорған, 1995) атты кітапшаларда жинақталып берілген.
Мазмұны  
1 Жәлменде Байшығашұлы турады әңгімелер
1.1 Жәлменде Байшығашұлы турады әңгіме
1.2 Жәлменде Байшығашұлы турады әңгіме
2 Пайдаланған әдебиет
Жәлменде Байшығашұлы турады әңгімелер

Жәлменде Байшығашұлы турады әңгіме
Жәлменде би үлкенге де, кішіге де, кедейге де, байға да әділ билігін айтып, қамқор болған. Талайдың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған ел ағасы болған азамат. Бір жолы оған Бақтыбай ақын мұңын шағып барады.
- Мына кедейлік түбіме жетті, - дейді ол. Ғашық боп жүрген Мәйке қызды бай ағайындары маған қоспайтын болды. Бар сылтауы сол - қалың малый төлей алмайтын жалаң аяқ кедейге қыз бермеймін деп жолатпайды. Енді не амал қыламын, өзің қамкорлық етпесең болатын емес.
Бұл жайды ұққан Жәлменде би сонда Бақтыбайға:
Бақ қонбайды жасыкка,
Жан жуымас пасыққа,
Көңіліңді батыр жасытпа,
Жігіт адам жетеді. 
Шын тілеген ғашыққа,
Мен аяман Бактыбай.
Келгенін саған қолымнан,
Байқоржын Тарак жалғасып,
Құр тастамас жолдасын.
Мәйке кетпес еш жаққа,
Туғызып айды оңынан,
Бұрылар сенің жолыңа,
Құдай аруақ қолдасын, -
деп оған жұбату айтады да, оны ертіп Мәйке қыздын ауылына, ағайындарына барады.
Бақтыбайдың шебер, дарынды ақындығына, оның адал да, адамгершілік қасиетіне көптеген дәлелдер айтып, екі жақты бітімгершілікке шақырады. Жәлмендедей ақылды, алғыр, аға би солай деп, араға түскен соң Мәйке қыздың бай, шонжар ағайындары амал жоқ көнеді. Екі ғашықты қосып, некесін қиып, ортадан отау тігіп береді.
Жәлменденің қысылған жерде кенеттен сөз тауып кететін алғырлық, тапкырлық қасиеті күшті бопты. Атақты Құнанбай, Тобықты еліне, ал, Жәлменде Қапал уезінде аға сұлтан боп тұрған жылдары бір барымта даумен Қарқаралыға барыпты. Әр тараптан келген билер, сұлтандар кездесіп сәлемдесіп жатса, Құнанбай ауылының жас жігіттері тасыраңдап, үлкенді сыйламайтындай сынай көрсетіп олардың алдын кескестей беріпті.
Ауыл ақсақалдары да, Құнанбай өзі де оларға тоқтам сала қоймапты. Сонда Жәлменде сұлтан:
Біздің жақтың даласы құм болады,
Үлкен айтса бал асы жым болады.
Үлкен тілін алмайтын мына біреу,
Тасыраңдаған иттерің кім болады? -
дегенде, Құнанбай көпке қарап қолын жоғары көтеріпті де:
Бұл Жәлменде қиқу сөздің қияғы ғой,
Ескелді мен Балпықтың тұяғы ғой.
Сендер танымай жатырсыңдар ма? Оның алдында байқап-байқап сөйлең- дер! - деп, Жәлмендеге өз қасынан орын беріпті.
Көсем, шешен сөзге дес бермеген Жәлменде биді ат үстінен ешбір жан аударып ала-алмайды екен. Көкпар додасында болсын, найзаласу сайысында болсын оған ешкім төтеп бере ал маған дейді қариялар. Ол ұзын бойлы, зор деңелі, екі иығына екі адам мінгендей алпауыт батыр, балуан кісі бопты. Жолға, сапарға шықса үнемі екі атпен (бірін мініп, екіншісін жетекке алып) жүреді екен. Бір аттың белі талғанда, ер тоқымды жетегіндегі тың атқа салатын болған. Өзі кедей адам жарамды ат іздейді. Көрші ауылда Жақанбай дейтін бай замандасына былай деп хат жазып бір жігітін жібереді.
Сәлем де Жақанбайға бір ат берсін,
Жеті жыл мінілмеген құр ат берсін.
Биіктігі, зорлығы мендей болсын,
Семіздігі Жақанбай өзіңдей болсын.
Жүрісі Жиенқожа ақынның
сөзіндей болсын, Берсе берсін, бермесе өзі білсін,
Өзімнің кара атыма қуат берсін...
Жәлменде би айтқан соң, сөз бар ма, Жақанбай құрдасы іздестіріп жүріп, өзінің қара атындай жуан, белді шоқтығы биік нардай күрең қасқа атты апарып өз қолымен табыс етеді.
Жәлменде Байшығашұлы турады әңгіме
Жәлменде бидің Меккеге сапар шегіп, қажы атанғаны хақында да аңыз, әңгімелер аз емес. Соның бірін Жетісу өңірінің шежіреші ақсақалы Алматы бас мешітінін имамы, бүгінде жасы тоқсанға таянған Рахымбай Кәрімбайұлы ақсақалдан сұрағанымызда ол кісі мынаны айтып еді:
- Ертеде менің әкемнің әкесі Қарымбай атамыз Меккеге қажылыққа барған. Сол жолы атамызбен бірге Жәлменде, Димаш Ахметұлы Қонаевтің үлкен әкесі Ысты Жұмабай, атақты бай, болыс болған Шапырашты Шөптібайдың әкесі Құдайберген тағы көп кісі бірге аттанған. Менің естуімше Жәлменде ол кезде 57-59 жаста болған секілді. Жетісуға ұзақ жыл аға сұлтан болған қажыға кетерінде аға сұлтандығын тапсырып, билігін өзгеге беріп, елімен қоштасып бір-ақ шыққан деседі. Әулие адам емес пе, сол жақта мәңгіге қалатынын білген секілді.
Меккеге ниет қылған топты сонау Әулиеатаға дейін елі шұбырып шығарып салады. Бүгінгі Қызылорда-Ақмешітке барғанда тағы біраз адамдар қосылады. Солардың ішінде бір жесір әйел бар екен. Шариғатта Меккеге жесір әйел бармайды ғой, ол әйелге уақытша некеге тұру қажет болады. Сонда ол осы 200-300 адамнан Жәлмендені таңдап, етегінен ұстайды. Жәкең ризалығын білдіріп, некелерін қиып, бірге аттанады.
Меккеге жеткен соң, қыруар алтынмен барған ғой. Жәлменде уй салдырады. Біраз уақыт сол үйде тұрады. Кенеттен науқастанып, беті ары қараған шағында, Жәкең, әйелге: "Құдай қосып, ерлі-зайыпты болдық. Енді мен туған жерді көре алмаспын. Сен менің еліме бар, құрметін көр, қандай адаммен жар болдым" деме. Бірер жыл тұрасың содан соң қайтмқын десең рұқсат дейді. Жәкең қайтқанда аруақты жан екен" деп ол жақтығылар Жәлмендені арулап қояды. Басына тас қойылады.
(Бұл 1901 жыл болса керек. Сонда Жәлменде би 55-56 жастар шамасында дүниеден қайтқан болады).
Қажыларды Ақмешіттен ат шаптырып, сүйінші сұрап қарсы алады. Ал, Жалайырлар өз адамдарын Шудан күтіп алады. Жәлмеңденің елі әйелді басына ақ орда тігіп қарсы алады. Қырқын, жылын, асын бергеннен соң, рұқсатын алып, еліне қайтады. Жәкеңнің елі ол әйелдің жүгін 12 түйеге артып, алдына бір үйір қысырақ беріп, апарып салады.
Әкесінің ел басқару, билік қызметін оның артында қалған 17 жасар баласы Пышан қолға алып, ілгері жалғастырады. Сонда Пышан Жәлмендеұлы 1884 жылы туған боп шығады. (1921 жылы қызыл империяның кезінде "халық жауы", қанаушы тап өкілі, байдың баласы, әкесі би, сұлтан болған деген асыра сілтеу жаласымен ол Талдықорған абақтысында атылып жазықсыз мерт болған).
Пышан да (шын аты Мұса) әкесіне ұқсаған алып денелі, ақыл-парасатты әрі саяткер, бапкер, әрі әнші, ақын сері боп есейеді. Халық қамын ойлап, ел тыныштығын сақтауда мол қызмет атқарады. Пышан болыс туралы жоғарыда есімі аталған Рахымбай ақсақал да, бүгінде 80-ге келіп отыр, атақты Үмбетәлі Кәрібайұлының жақын туысы әрі шәкірті, белгілі төкпе айтыскер ақын Әсімхан Қосбасаров та көп естелік айтып берді бізге. Енді соның шағын бір әңгімесіне көңіл қояйық:
- Менің жастау кезімде біздің үйге үш ақын келді. Бірінің аты - Құрама, екіншісі - Өпежек, үшіншісі - Пышан еді. Үшеуі 3-4 күн ән салды, жыр-дастан жырлады. Өйтеуір біздің ауыл ән-күйге, өлең-хиссаға кенелді де қалды. Солардың ішінде, әсіресе, Пышан серінің түрі бөлек еді. Ол мынау Жалайыр еліндегі Жәлменде бидің баласы екен. Өзі сал сері түске дейін ақ, түстен кейін қара киіп жүреді. Қасындағы серіктерін де сөйтеді екен. Мінген аттарының түр-түсі де, солай болатын көрінеді. Ал, ән салғанда, күй тартқанда бірінен-бірі асып түседі. Сырнайлатып, домбыра шертіп, қыл қобыздарын сарнатқанда тіптен жүйке-жүйкеңді сал-сал қылады. "Баласы Жәлменденің Пышан едім" деп басталатын әні қандай, асқақ шырқалатын. Оны:
Айналайын көзіңнен күлімдеген,
Басқан ізің ешкімге білінбеген.
Ақша балық шомылған
айдын көлден,
Алтын қармақ салса да ілінбеген.
Угай-ай, Угай-ай, әніміз,
Арпа, бидай дәніміз.
Угай-ай деп өн салсақ,
Келіспей ме сәніміз.
Өлең деген немене білген кұлға,
Ақ жеңгесін кім қимас алар пүлға.
Оралыңның барында ойнада күл,
Өлгеннен соң адыра қалар тұлаң.
Қарағайлы ендеше, қарағайлы,
Қарағайды қыз, жігіт аралайды.
Жақсы - жайсаң,
осылай бас қосқанда,
Бекер қарап отырған жарамайды, -
деп шырқалатын "Угай-ай" әнін осы Жетісу жастары осы күнге дейін айтып келеді.
Артында қалған ұрпақтары, ел-жұртының ұйымдасуымен 1995 жылдың күзінде Жәлменде бидің 150, Пышан болыс, ақын-сазгердің 110 жылдық мүшел жасқа толуын атап, ас берілді, аламан бәйге шабылды, бастарына ескерткіш қойылды. Жиналған дүйім жұрт, тізе бүгіп, дұға оқыды, аруағына бас иіп тағзым етті.


Скачать


zharar.kz