Мәдениет. Ғылым. Білім.

Скачать

Мәдениет. Ғылым. Білім.
90 жылдарда өнер мен әдебиет идеологиялық қысым азабынан босану кезеңінде болды.Халықтың өткен тарихқа, жеке тұлғаларға қызығушылығы және жеке адамға табынудың шындығын білудің ыңтасы туды.
Қазақ халқының ауыр тағдыры туралы жазылған күрделі шығармалар авторлары:
Ә.Кекілбаев,І.Есенберлинг, С.Жүнісов, М.Мағауин т.б.
Халықтың өнер-айтыс дәстүрін жаңғыртушы ақындар: М.Көкенов, Ә.Беркенова, Қ.Әбілов.
Алматы жасөспірімдер театры Ш.Нұртазаның «Сталинге хат», М.Әуезов атындағы театрЖ.Аймауытовтың «Ақбілек» пьесаларын қойды.
90-жылдары өнер қайраткерлерінің қатары тандаулы есіммен толықты.80-жылдардың сонында ұлттық киноға өзіндік көркем ойы және идеалды көркем ойы бар кино жасаушыларының жаңа ұрпағы келіп қосылды. Шығармашылығы мен әлеуметтік күйзелістері мен көзге түскендер
- «Соңғы аялдама»- режиссері С.Апырымов.
- «Адамдар арасындағы бөлтірік» - Т.Теменов.
- «Бейбарыс сұлтан» - Ф.Мансұров.
Ең бір күрделі проблемаға душар болған мәселе – қазақ және басқады ұлт тілдерін дамыту қажеттілігі.
Қазақ тілінің жағдайы сын көтермейтін дағдарысқа ұшырады:
- Қалыпты жағдайда дамыған тіл 80 қоғамдық функцияны атқарса, қазақ тілі бар болғаны 10 түрлі функцияда пайдаланылды.
- Қазақ тілі іс қағаздарын жүргізуден шеттетілді.
- Қала жастары ана тілінде сөйлей алмайтын дәрежеге ұшырады.
Қоғамды жанарту жағдайында бұл келенсіз құбылыстарды ашық талқыға салу мүмкіндігі туды. «Тіл туралы Занның» жобасы жарияланып, жұртшылық талқылауына ұшырады.
• 1989 жылы 22 қыркүйек – «Қазақ КСР-дегі тілдер туралы заң» қабылданды.
• Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
• Орыс тілі – ұлт аралық қатынас тілі болып жариялынды.
Республика қазақ тілін қайта түлету және дамыту жөніндегі жұмыстар атқарылды;
• 1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымына дейін қазақ тілінде тәрбиелейтін 482 балабақша салынып, барлығы 1677 болды.
• Іс – қағаздар қазақша дайындайтын және қазақтілінде басатын мамандар даярлау кәсіптік –техникалық училище жұмыс істеді.
Алматы қаласында, Қарағанды, Ақмола облыстарында татар және неміс тілінде оқитын мектептер ашылды.Теледидар мен радио 6 тілде хабар таратты.
1998 жылы Қазақстан компартиясы ОК-нің қаулысымен 30-40 жылдары және и50- жылдардың бас кезінде сотталып, жазаға ұшыраған қазақтың даңқы ұлдарының есімі халықына қайтарылды.
Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев шығармашылық мұралары ақталды.
Қазақ Компартиясы ОК-нің 40- жылдардың екінші жартысында және 50 жылдардың бас кезінде идеология мен ғылым мәселелері жөнінді қабылданған қаулылардың күші жойылды.
• 1947 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақ КСР Ғылым Академиясы тіл және әдебиет институтының дөрекі саяси қателіктері туралы» қаулысы күшін жойды.
Бұл шаралар тиым салынып келген көптеген көркем шығармаларды терең зертеуге мүмкіндік туғызды.


Скачать


zharar.kz