Астана - менің елімнің астанасы

Скачать


Оралбеков Нұрәлі
2 сынып, № 159 гимназия

Оқу жылын үздік аяқтап, жазғы демалысты қызықты өткізу әр оқушының мақсаты. Соның бірі мен жазғы демалысымда еліміздің әр түрлі қалаларына сапар шеккенді ұнатамын. Өткен жазғы демалысымда Астана қаласына саяхат жасадым. Саяхат өте қызық болды және жаңа достар таптым.

Астана – менің елімнің астанасы. 1997 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталады. Бүгін Астана әлемдегі ең әдемі, тартымды сәулеттерімен таңқалдыратын қалалардың бірі. Кең даланың ортасында Астана гүл секілді өсіп тұр. Бүгін Астана әлемдегі ең жас астана болып саналады. Қаламыз– даму жолында тұрған мемлекетіміздің мақтанышы.

Жас қалада тамаша тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар мен сәулет ескерткіштері бар. Сондықтан да бас қаламыз өзгеше бір көркем көрініске ие. Мен саяхат кезінде Астананың тірегі– Бәйтерекке бардым. Ол жерден қаланың барлығы айдан-анық көрініп тұрды. Сосын Думан ойын-сауық кешеніне жол тарттым. Мұнда көптеген балықтардың және тағы басқа су жануарларының түрлерімен таныстым. Мені ертіп жүрген әкем астананың көрікті жерлерімен таныстырып отырды. Қаланың даму тарихы жайлы айтты. Маған қала өте ұнады. Мен есейгенде Астанаға келіп, қаланың көркеюіне өз үлесімді қосқым келеді.

Астана көркейсе, еліміз – кең байтақ Қазақстан, көркейеді. Себебі, Астана –мемлекеттің жүрегі.Астананың болашағы жарқын екеніне мен сенемін!

Санат: KZ портал Қазақша Рефераттар жинағы


Скачать


zharar.kz