Асқазан жарасы

Скачать

Асқазан мен 12 елі ішектің созылмалы аурулары.Гастродуодениттер.

Ас қорыту, функционалдық бірыңғайлығына қарай созымалы гастрит пен дуоденит көбінесе аралас гастродуоденит түрінде байқалады.
 
      Созылмалы қабыну қарын мен 12 елі ішектің шырышты қабатындағы дистрофиялық өзгерістерімен  білінеді.
 
Этиологиясы мен патогенезі өте күрделі, әлі толық зерттелмеген. Соңғы кезге дейін бұл дерт асқорыту жүйесінің қарын-12 елі ішек бөліміндегі инфекциялық емес қабынуы деп қарастырылап келді.
 
      Австралия зерттеушілері (Уоррен Маршал 1983) ашқан жаңалық ( олар осы ағзалардың шырышты  қабатынан Грам-теріс-Gelicobacter pyloris-микробтар бөліп шығарып, өздеріне тәжірибе жасады) бұл аурулардың этиологиялық және патогенетикалық жайларына көзқарасты мүлдем өзгертуге негіз болды.
 
      Созылмалы гастродуоденит дамуына себепші жағдайлар;
 
1. Алиментарлық жағдай.       Сәбилік жастан бастап әр адамға қарын-ішек секрециясына сай тамақ стереотипі қалыптасады; сондықтан тамақты қабылдаудың дұрыс тәртібін (режимі) сақтаудың мәні зор.  Ретсіз, сирек тамақтану асқазан секрециясын бұзып, өзінің шырышты қабаттарына қышқыл пепсин факторының зиянды (агрессивті) әсерін жоғарылатады      Тамақтанудың сандық және сапалық кемістігінің де мәні көп өзгерткені де анық.
 
2. Тағамдық аллергия. Оның созылмалы гастриттер дамуында елеулі үлесі бар,
 
     3. Дәрі-дәрмектер. Асқазан шырышты қабатына дәрі-дәрмектер тікелей әсер етеді. Бұлардың ішінде агрессиялық әсері көп салицил қышқылы, дигиталис дәрілері, сульфаниламид, тетрациклин, глюкокортикоид т.б. ерекше атаған жөн. Өзгеріс беткейлік қабынудан, эрозия, жараға дейін болуы ықтимал. Кейде гемморагиялық гастрит дамып, асқазаннан қан кетуі байқалады. Созылмалы гастрит дамуында дәрі-дәрмектерді ұзақ, әрі қайталап қабылдаудың зиянды мәні бөлек.
 
4.  Инфекциялық әсерлер.  Қазіргі кезде бұл жағдайлар себеп-салдар ретінде көрнекті орын алып отыр (созылмалы гастродуодениттің 50% , ал ойық жара ауруларында бұдан да жоғары 84%). Аурудың асқазан шырышты қабаты биоптатынан 1983 жылы алғаш бөліп шығаралған Грамм-теріс (Gelicobacter pylori) таяқшасының бұл аурулар дамуына өте көп әсер тигізері дәлелденіп отыр.
 
Клиникалық көрінісіне полиморфизм тән.
 
1.      Ауырсыну синдромы; іштің жоғарға тұсы, тамақ ішкен соң бірден аз не анық. Бірақ қысқа мерзімді болса, беткейлік гастритке тән.
 
2.      Диспепсиялық синдром;  "сасық” кекіру, ауыздан жағымсыз иіс байқалады.Лоқсу, құсу, ішек бұзылыстары (көбіне іш қатуы) болуы мүмкін.
 
Пальпациялық көріністер;ауырсыну сезімі эпигастрий аумағында толық байқалады.
 
      Диагнозы.
 
1. Анамнездің мәні аса зор;
 
2. Асқазанды зондпен тексеру бұл ағзаның қышқыл, фермент және сектеторлық қабілетінен мәлімет береді.
 
 3.   Гастрофибродуедоноскопия. Бұл тәсіл асқазан мен ұлтабардың кілегей қабатындағы қабыну процесін, атрофиялық, беткейлік, эрозиялық өзгерістерді анықтауға т.б. мүмкіншілік береді.
 
     Емі. Созылмалы гастрит емі балаларда кешенді, әрі сатылы жүргізілуі тиіс.
 
      1. Өзіндік ауру пайда болған кезде (қайлалау)баланы ауруханаға жатқызып, төсектік режим тағайындаған жөн. Бұнымен асқазан жүйесі қозғалысы азайып, қанайналысы молайып, шырышты қабат репарациясы жоғарылайды.
 
     7-10  күннен соң жартылай төсектік, 3 аптадан соң жалпы режимге ауыстырылады.
 
     2. Кешенді әрекеттер арасында ең маңызды орын диетотерапияға беріледі (негізі механикалық, термикалық және химиялық жұғымдылығы, тиімділігі). 3-5 күнге 1 "а” диетасы тағайындалады, содан екі апта бойы 1 "б”, кейін Певзнер бойынша №1 стол (осылай кемінде 6 ай бойы).
 
      Клиникалық симптомдары тарқаған соң, 6 айдан кейін науқас бір жылға №5 диетаға көшіріледі.
 
     Тағамда В, С, А, Е витаминдері мөлшері жеткілікті болуы тиіс.
 
3.      Медикаменттік ем.
 
1.      (Gelicobacter pylori)үшін тинидазол, де-нол  беріледі, бұларға ауру шақырған бактерия өте сезімтал.      Агресс ивті жайлардың әсерін төмендету (белсенді қышқылды-пептикалық факторға қарсы)- А-алмагель, Nа гидрокарбонаты, кальций карбонаты, көмір қышқыл және күйдірілген магнезия
 
2. Витаминді терапия.
 
3. Ауырсыну синдромы өте айқын жағдайда спазмолитик қосқан жөн (папверин, но-шпа).
 
   4.Диспепсиялық синдромда құсуда  реглан, церукал сияқты асқорыту жүйесінің жұмысын реттеуге арналған дәрілер тиімді
 
    5. Гастрофарм- асқорыту жолдарының шырышты қабатына  трофикалық, қорғаныс және регенерациялық оң әсері бар дәрі.
 
     6. ферменттер (фестал, панзинорм, мезим-форте) және өт айдайтын дәрілер беру пайдалы.
 
4. Физиоем.  электрофорез (новокайн, платифиллин, папаверин) эпигастрий үстіне жасалады. Балшық, озокерит, су емін қосарлау тиімді (радон, хвоя, хлоридті-натрийлі ванналар
 
5.Санаторлық-курорттық ем. Ем жүйесінің маңызды кезеңіне жатады. Негізгі мақсаты-ауруханада қол жеткен игі өзгерістерді тұрақтандыру
 
Асқазан, 12-елі ішек жарасы.
 
Асқазан және 12-елі ішектің шырышты қабатында жараның пайда болуымен сипатталатын ,рецидивті өтетін созылмалы ауру.
 
Этиологиясы: тамақтанудың режимінің және сапасының бұзылыстары, стресстік ситуациялар, тұқым қуалаушылық, инфекциялық фактор-хеликобактерлер.
 
Клиникалық формалары:
 
І. Жараның орнына байланысты:
 
 1. Асқазан жарасы
 
          2. 12-елі ішек жарасы.
 
 3. Асқазан, 12-елі ішек жарасы.
 
ІІ. Асқазанның секреторлық қызметіне байланысты:
 
1.      Қышқылдығы қалыпты
 
2.      Қышқылдығы жоғары
 
3.      Қышқылдығы төмен
 
         ІІІ. 1. Асқынған    2. Асқынбаған.
 
Диагностикалық критерийлері: диспепсиялық бұзылыстар, лоқсу, құсу, кекіру, қыжылдау, аш қарында ауырсынулар түнгі.
 
Емі: Микробқа  қарсы-Де-нол, фуразолидон, ампициллин, т.б. гастросидин, қызылмай, итмұрын майы, алмагель, викалин, Физиоем-инемен емдеу, электроұйқы.
 
Диспансерлік бақылау: 1-ші жылы - ай сайын бақылау, жылына 3 рет 1 айдан рецидивке қарсы ем, денешынықтырудан босату.
 
2-3ші жылы-квартал сайын бақылау, жылына 2 рет рецидивке қарсы ем, дайындық тобында дене шынықтыру.


Скачать


zharar.kz